Коронавирус кезінде әлемді аузына қаратқан ең оғаш бетперделер

Опубликовано:

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Коронавирус індеті пайда болғалы бері бетперделердің де қайталанбас ерекше түрлері ойланып табылуда. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы novosti-n.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Украинаның Запарожье қаласында коронавирусқа қарсы ерекше бетперде ойлап тапқан зейнеткер көпшілік назарына іліккен болатын.

Бетперде
Фото: @zp_news

Қалалық автобустардың бірінде отырған кейуана індетті жұқтырмау үшін үлкен пластикалық шөлмекті пайдаға асырған. Ол шөлмекті басына сыятындай етіп қиып, мұрнын, көзін және аузын дерттен осылайша қорғауды ұйғарыпты.

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Сөзсіз 2020 жыл адамзат тарихында коронавирус індетімен ғана емес, оғаш бетперделер түрімен де есте қалатын болды.

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Ауыр індет кезінде де көңіл-күйлерін түсірмеген кей тұрғындар бетпердесін барынша сәнді, ерекше, күлкілі етуге тырысып бағуда.

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Еске салсақ, бұған дейін біз бетперде тақпайтындармен күрес бастаған АҚШ тұрғынының оларға арнайы қару ойлап тапқанын жазған болатынбыз. Жас жігіт оқтың орнына бетпердемен ататын қару түрін құрастырып шыққан. Алайда Аллен қаруды ешкімге кеземейтінін алға тартты. Тек осылайша бұл мәселеге жұрттың назарын аударуды көздепті.

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Одан бөлек ғалымдар масканың коронавирус жұқтыру қаупін төмендететінін мәлімдеген болатын. Белгілі болғандай, маскамен 230 000-нан 450 000-ға дейін аурудың алдын алуға болады екен. Сол себепті, індеттен қорғану үшін барынша бетперде киіп жүргеніңіз абзал.

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Бетперде
Фото: novosti-n.org

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1871337-koronavirus-kezinde-lemdi-auzyna-karatkan-e-ogas-betperdeler/