Қорғаныс министрі жаңа оқу жылымен әскери қызметшілерді құттықтады

Опубликовано:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрі генералдар мен офицерлер, курсанттар, кадеттер мен тәрбиеленушілер, әскери ЖОО-ның профессорлық-оқытушы құрамды жаңа оқу жылымен әскери қызметшілерді құттықтады.

Құттықтаудың толық мәтіні, автор орфографиясы сақталды:

«Кезекті оқу жылында Сіздермен қауышқаныма қуаныштымын!

Қазақстан Республикасының Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық білім беру жүйесінің дамуына зор көңіл бөлуде.

2019 жылы тамыз айында өткен «Bіlіm jáne Ǵylym!» конференциясында Президент «Біздің мақсатымыз - адами капитал сапасын арттыру үшін білім саласында реформалар қажет» екендігін айтып кетті.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық кеңестің үшінші отырысында білім беру экономиканың маңызды саласы екенін атап өтті.

Бүкіләлемдік пандемия өміріміздің барлық саласына, оның ішінде білім саласына да өз түзетулерін қосты.

Карантиндік шаралар жағдайында білім беру саласы ең осал болғандықтан, мемлекеттік деңгейде білім беруді дамыту векторына айтарлықтай түзетуді енгізу талап етілді.

Аталған жағдай әскери білім беру жүйесіне әсер етпей қоймады, заман ағымына ілесіп, қазіргі заманғы әлемдегі әскери өнердің, қару-жарақ пен әскери техниканың тұрақты даму үдерісін ескеріп қана қоймай, елдегі білім берудің жалпы тенденцияларын ескере отырып өзгеруі керектігі байқалды.

Жаңа жағдайлар Қорғаныс министрлігінің оқу процесінің бұзылуын болдырмау, әскери мамандардың білімін жоғары деңгейде ұстап тұру үшін жедел шаралар қабылдауға негіз болды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында қорғаныс ведомствосымен әскери қызметшілерді шетелде оқыту үшін сол жаққа жіберу жұмысы жүргізілді.

Білім алушылардың денсаулығы мен өміріне төнген қауіп, оқу процессінде әлеуметтік қашықтықты сақтап, карантин шараларын жүргізуді талап етті.

Пандемия жағдайында химиялық және бактериологиялық қорғау, инженерлік және медициналық мамандардың, оның ішінде Ресей Федерациясының әскери ЖОО-нда оқитын әскери мамандардың саны артты.

Осы жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарына 2000-ға жуық адам оқуға түсті. Оның ішінде 700-ге жуығы «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің тәрбиеленушілері.

ҚР Әскери доктринасының талаптары аясында әскери кадрларды даярлау жүйесі икемді және тиімді болуы, мемлекеттің қазіргі заманғы әскери ұйымының қажеттіліктері мен міндеттеріне жауап беруі тиіс. Ол әскери құрылыстың перспективалық міндеттерімен, сондай-ақ жас ұрпақтың әскери қақтығыстарының сипатын болжаумен байланысты болуы керек.

Елде әскери білім және ғылым жүйесінің қалыптасу жылдарында, жоғары білікті профессорлық-оқытушылық құрамы, қазіргі заманғы оқу материалдық-техникалық базасы бар әскери оқу орындарының желісі құрылды. Білім беру процесі мен әскери ғылымды ұйымдастыруды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірленді.

Сөз соңында сіздерге мемлекеттің әскери қауіпсіздігін нығайту және Отанымыз – Қазақстан Республикасының өркендеуі үшін әскери істі зерделеу және әскери білімді дамыту жолында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде шығармашылық табыс тілеймін!»

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872179-korganys-ministri-zaa-oku-zylymen-skeri-kyzmetsilerdi-kttyktady/