jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қыруар ақшаға төсін үлкейткен ару қыпша бел үшін қабырғасын алдырып тастамақ

Тара
Фото: @tara_jayn3/Jam Press

Төсін үлкейту үшін шамамен 100 мың долларын сарп еткен 31 жастағы бойжеткен енді қыпша бел үшін қабырғасын алдырып тастамақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Австралияның Мельбурн қаласында тұратын 31 жастағы Тара Джейн МакКонахи 5 рет пластикалық ота жасатып, төсін үлкейткенді аздық санаған деп жазады dailystar.co.uk. Ол төсінен бөлек мұрнын, бетін және бөксесін отамен өзгертіп алады.

Енді белінің қыпша болуын қалайтын ару, тіпті қабырғасын алдырып тастаудан тайынбауда. Медбике болып жұмыс істейтін бойжеткен сұлулық жолында 100 мың долларын пластикалық оталарға сарп етіп үлгерген.

Тара отаға дейін
Тара отаға дейін. Фото: @tara_jayn3/Jam Press

Қабырғасын алдырғаннан кейін бойжеткен көз жанарының түсін өзгертпек ниетте. Тара Джейн оталарды түрлі елдерде жасатуды әдетке айналдырыпты.

"Мен төсімді бес рет үлкейттім, соңғы рет 1050 см3 құрайтын имплант салдырдым", - деп ағынан жарылды ол.

Тара әсіресе ернін үлкейткенін мақтан тұтады екен. Бойжеткен коронавируспен жағаласып Европада тағы бір ота жасатып үлгергенін айтуда.

"Отадан айығып үлгермей жатып елге оралуым керек болды, себебі шекара жабылып жатты. Абырой болғанда, қасымнан анам табылып, маған қамқорлық жасады", - дейді ол.
Тара
Фото: @tara_jayn3/Jam Press

Бойжеткен мұнымен тоқтамай төсін одан бетер үлкен етпек. Ол отаға қаражатты OnlyFans атты арнайы қор ашқанының арқасында, өз табынушыларынан жинап алып отырады екен.

Еске салсақ, бұған дейін біз, керісінше дүниеге келген сәттен бастап адам баласы дене-бітіміне ешқандай өзгеріс жасамауы тиіс деген пікірдегі қарияның 80 жыл бойы шашын қимай өсіргені туралы жазған болатынбыз.

Одан бөлек 42 жастағы азамат ерекше ұзын шашымен рекорд орнатқанын жазған едік.

Қыруар ақшаға төсін үлкейткен ару қыпша бел үшін қабырғасын алдырып тастамақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.