Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

18+: Сот залында қызметкерімен жыныстық қатынасқа түскен судья жұмыстан қуылды

Опубликовано:

келіншек
Доун Джентри. Фото: lenta.ru

Американың Кентукки штатында судья соттағы қызметкермен бірнеше рет жыныстық қатынасқа түскен. Осындай жайттардан кейін ол өзінің лауазымды орнынан айырылып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Доун Джентри Кентон аймағында отбасылық істер бойынша судья болып жұмыс істеген. Сот барысында әйелдің қызметкерлердің бірін жұмыстан кетуге мәжбүрлегені белгілі болды. Сөйтіп ол Стивен Пенроузды сот залына жұмысқа алған.

Судья ер адаммен жұмыс уақытында жыныстық қатынасқа түскен. Джентри қызмет барысында Пенроуздың гитарада ойнап, ән салып, тіпті ішімдік ішуіне рұқсат берген.

Іс материалдарына сәйкес, Пенроуз 39 жастағы Джентриге өз денесінің эротикалық фото суреттерін жіберіп, анайы әзілдеп, келіншекке массаж жасап, жыныстық қатынасқа тартқан. Осының бәрі жұмыс кезінде - сот ғимаратында болған.

Дүйсенбі, 31 тамызда судья қызметінен қуылды.

Еске сала кетсек, БҚО-да 12 жасар қызбен жыныстық қатынасқа барған тұрғынға үкім шықты.

Айыптау актісіне сәйкес, сотталушы 12 жастағы жәбірленушінің жас болуын және өз іс-әрекетінің мәнін түсінбейтінін пайдаланып, онымен жыныстық қатынасқа барған.

Алайда алқабилер істі қарай келе, көпшілік дауыспен жәбірленуші өзінің дене және психикалық дамуына сай өз әрекетін түсіне білген, жыныстық қатынас оның келісімімен жасалған деген қорытындыға келді.

Сотталушы күш қолданбаған, зорлық әрекеттеріне бармаған, бұл жерде 16 жасқа толмаған жасөспіріммен ерікті түрде жыныстық қатынас жасалған.

Көпшіліктің дауысымен сотталушы 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ, жыныстық қатынас кезінде ерлі-зайыптылардың не істеуіне болмайтынын жаздық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872357-18-sot-zalynda-kyzmetkerimen-zynystyk-katynaska-tsken-suda-zmystan-kuyldy/

pixel