Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлықтар көзге зиян келтірмейтін экран жасап шығарды

Опубликовано:

Фото
Фото: pexels.com

Аспан асты елінің ғалымдары көзге зиян келтірмейтін экран жасап шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Қытайлықтар жаңа дисплейді электронды кітаптар мен планшеттер шығаруға пайдалануды жоспарлап отыр.

Жаңа технологияны TCL компаниясы Берлинде өткен IFA 2020 көрмесінде ұсынған.

Мамандардың сөзінше, оларға қолданушылардың көру қабілетін төмендетпейтін экран жасап шығару маңызды болған.

NXTPAPER қазірдің өзінде көзді қорғау технологиясы бойынша 11 патент және Рейндегі неміс зертханасынан, Швейцарияның SGS зертханасынан және VDE қауымдастығынан тиісті сертификаттар алған.

"Біздің жоба, әсіресе, қазіргі уақытта өте маңызды. Өйткені көптеген адамдар үйде жұмыс істеп, экран алдында көп уақыт өткізуде. Біз олардың көру қабілеттерін сақтауға көмектесетін құрылғылар жасауымыз керек деп шештік", - дейді TCL бас менеджері Джефферсон Ли.

Зерттеудің екі жыл бойы жүргізілген. Жаңа технология болашақта сұйық кристалды дисплейлердің де орнын басуы ықтимал.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Сонымен қатар, арнайы мамандар интернеттің көмегімен ұялы телефон нөмірі арқылы адам туралы кез келген ақпаратты білуге болатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873047-kytajlyktar-kzge-zian-keltirmejtin-ekran-zasap-sygardy/

pixel