Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің опасыздығын білген әйел жолдасынан ерекше кек алды

Опубликовано:

келіншектерда
Фото: Reddit

АҚШ тұрғыны опасыздық жасаған күйеуінен кек алып, көпшіліктің сынына ұшырады деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Жұбайының көзіне шөп салғанына шыдай алмаған америкалық әйел көшеге жолдасы және балаларымен түскен суретін іліп қойған.

"Келіншек опасыз күйеуін қызыл дөңгелекпен қоршап, "Әйелі мен балаларын тастап Нью-Йоркте (...) Оның жаңа көршілері, біліңдер! Ол әлі де отбасылы, бірақ өзге әйелмен тұрады", - деп жазып қойған.

Сондай-ақ, ол көзге шөп салғаны үшін полициядан күйеуін жазаға тартуын сұраған.

Дегенмен әлеуметтік желі қолданушылары әйел адамды қолдамай, оның іс-әрекетін сынап тастаған.

"Балалардың суретін неге ілдің? Қатты қаласың тек бұл оңбағанның суретін іл", "Мен сені түсінемін, сені сатып кетті. Бірақ балалардың не қатысы бар?", "Менің әкем анама опасыздық жасап, бізді өзге әйел үшін тастап кетті. Бірақ мен оған ешқашан мұндайды тілемес едім", - деп жазды пікір білдірушілер.

Айта кетейік, бұған дейін Израильде көңілдесі бар екенін үйіндегі тотықұс айтып қойған ер адамның әйелімен ажырасып жатқанын жазған едік.

Белгілі болғандай тотықұстың қожайыны фирмасындағы жаңа хатшыны көңілдесіне айналдырған. Ол хатшы қызды үйінің қабырғасына жапсыра салынған үйге шақырып отырған көрінеді.

Қабырға жұқа болғандықтан, тотықұс олардың әңгімесін естумен болып, қожайынының көңілдесінің есімін жаттап алған.

Сондай-ақ, норвегиялық қалыңдық коронавирус өршіген уақытта швециялық күйеу жігітке тұрмысқа шығудың ерекше тәсілін ойлап тапқанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873361-kjeuini-opasyzdygyn-bilgen-jel-zoldasynan-erekse-kek-aldy/

pixel