Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жастардан қалыспай ерекше сәнді киінетін зейнеткер жұп көпшілікті тәнті етті

Жарияланған күні:

Қариялар
Фото: Instagram / g.krabbenhoft / britt.kanja

Германияда ерекше сәнді киінетін зейнеткер жұп көпшіліктің қошеметіне бөленуде деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Германия астанасы Берлинде тұратын Бритт Канья (Britt Kanja) мен Гюнтер Краббенхефт (Günther Krabbenhöft) зейнет жасына келгендеріне қарамастан, сәннен қалыспауда.

Қариялар
Фото: Instagram / g.krabbenhoft / britt.kanja

Олар ерекше сәнді киімдер киіп, қоғамдық және мәдени шараларды қалдырмауға тырысады. Тіпті бидің түбін түсіретін зейнеткерлер жүрген жерінде көпшіліктің ерекше назарына ілігеді.

Қариялар
Фото: Instagram / g.krabbenhoft / britt.kanja

Бритт те, Гюнтер де көңілдің ешуақытта қартаймайтынын дәлелдеп бергендей. Көпшілік қарт жұптың киімдері ерекше әдемі екенін атып, таңдайларын қағуда.

Қариялар
Фото: Instagram / g.krabbenhoft / britt.kanja

Айта кетсек, Гюнтер бірнеше жыл бұрын желідегі суреттерінің арқасында танымалдыққа ие болып "Хипстер ата" деген лақап атқа ие болған. Қария денінің сау болуын биге әуестігімен байланыстырады.

Аспазшы болып жұмыс істеп келген ақсақал қашан да сән әлеміне ерекше қызығушылық танытып келгенін айтуда.

Қариялар
Фото: Instagram / g.krabbenhoft / britt.kanja

Бритт қарияның қызығушылығын құптап, оған сән үлгісіне лайық киінуде барынша қолғабыс етеді. Осылайша бір-біріне демеу болып жүрген жұп көпшіліктің мақтауына ие болған.

Жұп
Фото: Instagram / g.krabbenhoft / britt.kanja

Жұп
Фото: Instagram / g.krabbenhoft / britt.kanja

Жұп
Фото: Instagram / g.krabbenhoft / britt.kanja

Жұп
Фото: Instagram / g.krabbenhoft / britt.kanja

Еске салсақ, бұған дейін әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар 79 жыл жұптары жазылмауының құпиясымен бөліскенін жазған едік.

Одан бөлек, 80 жыл ішінде шашын қимаған қария 5 метрлік бұрымының қасиетті екеніне сенетінін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873529-zastardan-kalyspaj-erekse-sndi-kiinetin-zejnetker-zp-kpsilikti-tnti-etti/