Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар 79 жыл жұптары жазылмауының құпиясымен бөлісті

Опубликовано:

Жұбайлар
Фото: 120.su

Эквадор тұрғындары әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар атағына ие болып, әлемдік рекорд жаңартты. Бақытты жұбайлар 79 жыл бойы жұптары жазылмауының құпиясымен бөліскен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Хулио Сезар Мора Тапиа мен оның жары Вальдрамина Макловия Кинтерос Рейес рекорд орнатқандарын мақтан тұтуда.

110 жастағы Хулио мен 104 жастағы Вальдраминаның бақытты отбасылық өміріне 79 жыл толып отыр. Ортақ жасы 214 жылды құрайтын ерлі-зайыпты әлемдегі ең қарт жұп деп танылған.

Жұбайлар
Фото: 120.su

Қартайғанға дейін ұстаздық етіп келген жұбайлар бүгінде зейнеттің қызығын көруде. Хулио жарының жүрегін алғаш танысқанда ақындығымен жаулаған екен. Ол болашақ әйелінің көркі мен салмақты мінезіне тәнті болған.

Жұбайлар
Фото: 120.su

Ортақ бес баласы бар ерлі-зайыпты балаларының барлығы жоғары білім алуы үшін барын салған. Білімді басты байлықтардың бірі санайтын жұп балаларының көзі ашық, көкірегі ояу болғанын қалапты.

Жұбайлар
Фото: 120.su

Бүгінде Хулио мен Вальдрамина 11 немере, 21 шөбере, 9 шөпшек сүйіп отыр. Олар бақытты отбасылық өмірінің құпиясымен бөлісті. Айтуларынша, бастысы бір-бірін сүйіп, сыйлай білу қажет, әрі өмірде туындаған барлық қиындықтарды бірлесе салмақты шешімдермен шеше білу де маңызды екен.

Отбасы
Фото: 120.su

Еске салсақ, бұған дейін біз не себепті жапониялық ерлі-зайыптылардың дені төсекте бөлек жатқанды жөн көретінін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, ғалымдар балалардың ақылды болып өсуіне не қажет екенін анықтағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1872048-lemdegi-e-kart-erli-zajyptylar-79-zyl-zptary-zazylmauyny-kpiasymen-blisti-foto/

pixel