Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Смартфон жарығының адам терісіне зиян екені анықталды

Жарияланған күні:

Смартфон
Фото: pixabay.com

Ғалымдар ұялы телефонына тәуелді адамдарға смартфон жарығының зияны барын айтып, дабыл қақты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы radiokp.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Дерматологтар ұялы телефонға ұзақ үңілетіндерге бұл әдеттен арылуға кеңес беруде.

Зерттеушілер смартфонның көк жарығы күннің адам терісіне келтіретін зиянына теңбе-тең нұқсан келтіреді деген тоқтамға келген.

Биологиялық псориаз клиникаларында және Тері мен қатерлі ісік қорында жұмыс істейтін консултант-дерматолог Шьямалар Гунатхисанның айтуынша, смартфоннан шығатын көк түсті жарық адам терісін зақымдайды.

Маманның сөзіне сенсек, ұялы телефонды бес күн бойы үзіліссіз қолдану 25 минут бойы теріні күн көзінде ұстаумен бірдей әсер береді.

"Егер адам телефонды ұзақ пайдаланса, оның көк жарығы адам терісінің гиперпигментацияға ұшырауына, қартаюына және сусыздануына әкеліп соқтырады. Өз теріңізді қорғаудың ең қарапайым жолы - смартфонды қолдану уақытын азайту", - деп жазады Mirror басылымы.

Ұялы телефонға үңілуді азайту адамның психикалық жағдайына және көру қабілетіне де пайдалы дейді мамандар.

Еске салсақ, бұған дейін біз ағзадағы артық майларды жоғалтып, қан қысымын төмендететін өнім анықталғанын жазған болатынбыз. Мамандар мұндай қорытындыға ондаған еріктіге тәжірибе жүргізу барысында келген

Одан бөлек, мамандар адам миына ерекше пайдалы өнімдердің тізімін жариялағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874043-smartfon-zarygyny-adam-terisine-zian-ekeni-anyktaldy/