Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам миына пайдалы өнімдер қандай

Опубликовано:

Адам миы
Көрнекі фото: pixabay.com

Есте сақтау қабілетінің жақсы болуы кез келген адам үшін маңызды. Осы орайда мамандар адам миына ерекше пайдалы өнімдердің тізімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тақпақ жаттап, логикалық ойындар ойнаудан бөлек пайдалы өнімдерді қолдану адам жадын жақсартуға көмектесетінін алға тартқан "Ридус" мамандары есте сақтау қабілетін жақсартатын өнімдердің тізімін назарға ұсынды.

Сонымен, адам миына пайдалы тағамдарға көз жүгіртелік:

Брокколи

Бұл көкөніс түрі К, С және B тобындағы дәрумендерге толы болуының арқасында ми жұмысының жылдамдығын арттырады. Одан бөлек құрамындағы С дәрумені ми жұмысына қорған болады.

Қызанақ

Антиоксиданттарға бай тағы бір көкөніс - қызанақ. Брокколи секілді онда С дәрумені бар және ми, жүрек ауруларының алдын алатын ликопин - каратиноид бар.

Асқабақ дәндері

Бұл көкөніс B дәруменіне, магнийге және селенге бай. Соның арқасында адамның жүйке жүйесіне оң әсер етіп, жаңа ақпаратты есте сақтауға пайдасын тигізеді.

Жаңғақ

Адам жадына ерекше пайдалы жаңғақта фолий қышқылы, калий, магний бар.

Какао

Какао құрамындағы триптофан мен флаваноидтар ми жұмысын жақсартып, есте сақтау қабілетіне оң әсерін береді. Сол себепті бір шыны какао қосылған шай ішудің де өз пайдасы бар болып шықты.

Еске салсақ, бұған дейін мамандандырылған фитнес-жаттықтырушы артық салмақтан арылуға көмектесетін мінсіз таңғы ас мәзірін атаған болатын.

Одан бөлек, Филиппин елінің медицина қызметкері бетперделердің сапасын тексерудің жолымен бөліскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1873547-adam-miyna-pajdaly-nimder-kandaj/

pixel