Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Иммунолог күзде ауырмау үшін қандай дәрумендер ішу керектігін айтты

Жарияланған күні:

Күз
Фото: pixabay.com

Ресейлік диетолог-дәрігер әрі аллерголог-иммунолог Марина Аплетаева күзде ауырмау үшін қандай дәрумендер бар тағамдарды пайдалану керектігін айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы ru.oxu.az сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Марина Аплетаеваның айтуынша, маусымдық аурулардан қорғануда адам ағзасы үшін бета-каротиннің рөлі ерекше.

"Күзде қызғылт сары түсті өнімдер жеген абзал. Қызғылт сары көкөністер мен жемістер: шабдалы, өрік, асқабақ, сәбіз, діңке. Бұл өнімдер бета-каротинге бай. Аталмыш зат А дәруменінің бастауы болып табылады. Бұл дәрумен жоғарғы тыныс жодарын вирустар мен бактериялардан қорғайды. Алайда дәруменді тікелей тым жиі ішетін болсаңыз, кері әсері болады", - дейді маман.

Ол аталмыш дәрумен сүт өнімдерінде де барын айтуда.

"А дәрумені сүт өнімдерінде де бар. Тағы бір ерекшелік - А дәрумені қор ретінде ағзада жинала алады. Біз бета-каротиннің қорын бауырымызда жинақтап, керек кезінде оны өз пайдамызға асыра аламыз", - дейді Аплетаева.

Одан бөлек С дәруменінің де маңызы зор екен.

"С дәрумені бар өнімдер де маңызды. Бұл дәруменді ағзада жинау оңай емес, десе де ол иммунитетті жақсы көтереді. Одан бөлек бұл дәрумен жақсы антиоксидант бола алады, ол ағзалардың жасушаларын зақымдалудан қорғайды", - дейді диетолог.

Еске салсақ, бұған дейін біз мамандар адам миына ерекше пайдалы өнімдердің тізімін жариялағанын жазған едік.

Одан бөлек, ағзадағы артық майларды жоғалтып, қан қысымын төмендететін өнім анықталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1874720-immunolog-kzde-auyrmau-sin-kandaj-drumender-isu-kerektigin-ajtty/