Үйленемін деген уәдесін бұзған: 19 жастағы қыз жігітінің көлігін өртеп жіберді
Жарияланған күні:
Өзбекстан астанасы Ташкентте үйленуге берген уәдесін орындамаған жігіт автокөлігінен айырылып қалды деп жазады KAZ.NUR.KZ Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Ташкент қалалық ішкі істер басқармасының ақпаратынша, бұл оқиға 19 қыркүйекте болған.
19 жастағы бойжеткен сүйіктісінің Lacetti Jentra көлігін өртеп жіберген.
"Тергеуге дейінггі тексеріс кезінде қыздың бірнеше уақыт бойы зардап шегушімен романтикалық қарым-қатынаста болғаны анықталды. Ер адам онымен некелесемін деп уәде берген, алайда өз сөзінде тұрмапты.
Осы себепті көңілі қалған қыз жас жігіттің автокөлігінің іші-сыртына жанармай құйып, транспорттық құралды өртеп жіберген", - деді ведомство.
Қазір тергеу жалғасып, істің анық-қанығы тексеріліп жатыр.
Еске сала кетсек, Австралияның 56 жастағы тұрғыны Венди-Сью Дент өзінің 62 жастағы күйеуін мұрагерлік үшін өлтірді деген күдікке ілінгенін хабарлаған едік.
Прокурордың айтуынша, әйелі Лоренсті өзінің дәрі-дәрмектерінің қоспасымен әдейі улаған. Күйеуі қайтыс болған жағдайда, ол 300 мың долларды мұраға алады екен.
Айта кетсек, Үндістаның Коллама қаласының 27 жастағы тұрғыны жыланның көмегімен әйелін өлтірмек болған. Белгілі болғандай ол мұндай қадамға екінші әйел алу үшін барған.
Сондай-ақ, Петропавл қаласындағы ЕС 164/6 түзету мекемесінде жазасын өтеп жүрген Елена күйеуін өлтіріп, кейін бөлшектеп қоқысқа лақтырғаны үшін сотталған. Ол жантүршіктірерлік қылмысы үшін өмірінің 10 жылын темір тордың ар жағында өткізеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1875346-jlenemin-degen-udesin-bzgan-19-zastagy-kyz-zigitini-kligin-rtep-ziberdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.