Жасы 55-тен асқан әйел жастардан қалыспай денесіне толықтай тату салып алды
Жарияланған күні:
Германияда жасы 55-тен асқан әйел денесіне толықтай тату салдырып, көпшіліктің таңданысын тудырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Керстин Эхе есімді егде жастағы әйел осылайша жасы келген адамдарға да татудың жарасатынын дәлелдегісі келген деп жазады Daily Star басылымы.
Ол бұл ойын жүзеге асыру үшін 30 мың еуросын сарп еткен екен. Желі парақшасында 95 мыңнан астам жазылушысы бар әйел Лейпцигте тұрады.
Керстин алғашқы татуын 2015 жылдың сәуірінде жасатқан. Ол кезде әйел денесін толықтай татумен "әрлеуді" ойламаған екен.
Такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін ол татуға қатты әуестеніп алғанын айтуда.
"Маған түрлі-түсті татумен жүрген ұнайды. Елден ерекше болғанды жақсы көремін", - дейді ол.
Керстин татуға қаражатты еңбегімен табатынын алға тартты.
"Мен ішкілікке салынбағанмын, темекі де шекпеймін, демалыс дегенді ұмытқанмын. Қымбат пәтерім де жоқ. Қолымдағы бар ақшаны татуға құйып жүрмін. 30 мыңға жуық еуро жұмсадым", - деп сендірді ол.
Желі қолданушылары жасы келген сайын әйелдің тату салынған терісі салбырап, қорқынышты күйге түсетінін ескерткен. Десе де Керстин бұл ескертуге құлақ асуға асықпайды.
Еске салсақ бұған дейін біз денесінің 98 пайызын қараға бояған жігіт тіпті қолтығына дейін тату салдырғанын жазған едік.
Одан бөлек, денесінің 98 пайызына тату салдырған ару көз жанарын да көк түске боятып алғанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1875588-zasy-55-ten-askan-jel-zastardan-kalyspaj-denesine-tolyktaj-tatu-salyp-aldy/