Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

60 жыл бірге болған ерлі-зайыпты коронавирустан бір күнде көз жұмды (фото)

Опубликовано:

Ерлі-зайыпты
Фото: dailymail.co.uk

Италияда 60 жыл жұбы жазылмаған ерлі-зайыпты коронавирус індетінен бір күнде көз жұмды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Арасына екі сағат қана салып, дүниеден озған 86 жастағы Луиджи Каррара мен 82 жастағы Севера Белотти өмірінің соңғы күндерінде үйінен шықпаған деп жазады Daily Mail басылымы.

Олар Бергамо провинциясында орналасқан Альбино қаласында сегіз күн бойы өз үйінде болған екен. Ерлі-зайыптының ұлы Лука Каррараның айтуынша, 39 градусқа дейін ыстығы көтерілген зейнеткерлерге сегіз күн бойы жақын маңда дәрігерлердің болмауы салдарынан, ешқандай медициналық көмек көрсетілмеген.

Лука
Фото: dailymail.co.uk

Жанайқайын жеткізген азамат, тіпті ата-анасымен қоштаса алмағанына күйінуде. Әкесі Луиджиді Бергамо емханасына жеткізсе, анасы Севераны бір күннен кейін әкесінің қасына жатқызған.

Әкесі сағат 9:15-те дүниеден озса, анасы таңғы 11-де қайтыс болыпты.

"Бұл індеттің кесірінен ата-анамның қасынан табыла алмадым. Жақындарың жападан жалғыз қалуда, ал сен олармен, тіпті қоштаса да алмайсың, жаны тыныш болуы үшін құшағыңа да баспайсың. "Бәрі жақсы болады" деп өтірік болса да көңілін аулай алмайсың", - деп ренішін айтуда Лука.

Екі баласы мен әйелі бар азамат бүгінде каранитнде екендігін алға тартты. Жедел жәрдем шақыруға тырысқан азамат дәрігерлерге реніші жоқтығын айтуда.

"Мен 112-ні кінәламаймын. Оларды түсінемін, оларға тек алғыс айтамын, себебі олар ата-анамды құтқаруға барын салды. Алайда емхана науқастарға лық толы болғасын бәріне бірдей көмек көрсету мүмкін болмауда", - дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін біз Нидерланды мен Францияда коронавирус жұқтырғандар саны өскенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, елімізде өткен тәулікте қанша адамнан коронавирус анықталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1877774-60-zyl-birge-bolgan-erli-zajypty-koronavirustan-bir-knde-kz-zmdy-foto/

pixel