Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әжімдермен күреспек болған әйелдің бетінің жартысы сал болып қалды (фото)

Жарияланған күні:

Екпе
Көнекі фото: Sam Moqadam/Unsplash

Қытайда әжімдермен күреспек болған бойжеткеннің бетінің жартысы сал болып қалған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы odditycentral.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сыртқы келбетке күтім жасап, әжімдерді кетіретін екпе жасау бүгінде әдеттегі әрекеттердің біріне айналған. Десе де Ханчжоу қаласының (Чжэцзян провинциясы, Қытай) тұрғыны үшін филлерден екпе жасаудың арты үлкен проблемаға айналды.

Чжао есімді әйел клиникада әжімдермен күресу процедурасын бірнеше рет жасап келгендіктен, кезекті екпені еш қорықпастан салдырады. Алайда, соңғы процедура қорқынышты нәтижемен аяқталды.

Чжао
Фото: GMW.cn

Екпе салғаннан кейін бір апта өткеннен кейін таңертең оянған 29 жастағы келіншек өзінің бетінің жартысы сал болып қалғанын түсінеді.

Бүгінде ол, тіпті тамақты шайнай алмайтын күйге түскен. Тек сабанмен тамақ іше алатын бойжеткен айнаға қараған кезде өмір сүргісі келмейтінін айтуда

Ең сорақысы, бет жүйкесінің параличі ешқашан емделмеуі мүмкін, ал қазір Чжао өзінің азаптарын қандай да бір түрде жеңілдету үшін косметологиялық клиникадан ақшалай өтемақы алуға тырысып жүр.

Алайда әйелдің диагнозында сәтсіз инъекциялар сал ауруына себеп болғандығы туралы айтылмайды, сондықтан клиника өкілдері ешқандай ақша туралы әңгіме болуы мүмкін емес деп санайды. Амалы таусылған келіншек сотқа жүгініп, оның шешімін күтуде.

Еске салсақ, бұған дейін біз әлемдегі ең үлкен ерінге ие болғысы келген ару адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған едік.

Одан бөлек, қыруар ақшаға терісін қарайтып, төсін үлкейткен бойжеткен көпшілікке жақпай қалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1878202-zimdermen-krespek-bolgan-jeldi-betini-zartysy-sal-bolyp-kaldy-foto/