RU

Қыруар ақшаға терісін қарайтып, төсін үлкейткен ару көпшілікке жақпай қалды

Ару
Фото: Jam Press

Төсі мен ернін үлкейтіп, терісін қарайтқан бойжеткен көпшіліктің сынына ұшырауда. Желі қолданушыларының дені оның алғашқы келбеті әлдеқайда әдемірек болғанын айтқан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vinegred.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Барби қуыршағына ұқсағысы келген 25 жастағы Джейд Лайн (Jade Lyne) ол үшін он мың долларын сарп етіпті. Ол бұл қаражатты төсін, ернін үлкейтуге және терісін қарайтуға жұмсаған.

Ару
Фото: Jam Press

Джейд Англияның Бристол қаласында тұрады. Алғаш рет пластикалық отаны небәрі 18 жасында жасаған ару алдымен төсін үлкейтеді.

Ару
Фото: Jam Press

Бүгінде ол видеоға түсіп, оны сату арқылы және OnlyFans парақшасын жүргізу арқылы қаражат тауып жүр.

Ару
Фото: Jam Press

«Барби Джейд» («Barbie Jade») лақап атымен танымал ару ернін бес рет үлкейтіп үлгерген. Соған қарамастан, ернінің жеткілікті дәрежеде үлкеймегенін алға тартқан ол, тағы да ота жасатпақ. Ол Барби қуыршағына барынша ұқсағысы келген.

Ару
Фото: Jam Press

"Барбиді пір тұтамын. Оның мінсіз мүсініне ғашықпын", - дейді Джейд.

Аптасына екі рет терісіне күнге күйдіретін заттар жағатын ару терісін қарайтамын деп көпке жақпай қалды.

"Келбетіме қатысты миллиондаған пікір айтылып жатады. Бірі мақтаса, бірі келбетіме сын айтады. 50-дегі әйелге ұқсайтынымды, сайқымазаққа ұқсайтынымды, тіпті лас көрінетінімді айтқандар болды. Әсіресе кір адамдай көрінетінімді анам естіген сайын көңіл-күйі түседі", - деп ағынан жарылған ару бұл сын-пікірлерге мән бермейтінін алға тартты.
Ару
Фото: Jam Press

Еске салсақ, бұған дейін біз жасы 55-тен асқан әйел жастардан қалыспай денесіне толықтай тату салып алғанын жазған едік.

Одан бөлек, Covid-19 салдарынан секс-қуыршаққа үйлене алмаған қазақстандық жігіт шетел назарына іліккенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1875987-kyruar-aksaga-terisin-karajtyp-tsin-lkejtken-aru-kpsilikke-zakpaj-kaldy.html