Телефондағы жаңғырық нені білдіреді
Жарияланған күні:
Телефонмен сөйлескенде жаңғырық шығуының бірнеше себебі бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Ресейлік "Инфосистемы Джет" орталығының желілік жобалар бөлімі бастығы Сергей Данилов жаңғырықтың екі түрі болатынын атап өтті – гибридтік және акустикалық.
Сондай-ақ ол жаңғырық телефон әңгімелерінің "тыңдалуын" білдіреді деген қауесетті жоққа шығарды.
"Гибридтік жаңғырық дауысты өткізетін аналогты желілердің ақауынан, шуды басу қызметінің болмауынан немесе VoIP-желілеріндегі дауыстың түрлену проблемаларынан туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда жаңғырық естілуі желідегі ақауға немесе өткізгіш кабельдің жарамсыздығына байланысты болады", – деп түсіндірді маман.
Айта кетейік, 13 қазанда Apple компаниясы жаңа өнімдерінің кезектен тыс таныстырылымын өткізеді. Іс-шара барысында iPhone 12 смартфоны көпшілік назарына ұсынылмақ.
Жаңа iPhone смартфондары төрт үлгіде шығады. Одан бөлек, іс-шара барысында AirTag іздеу құрылғысының, AirPods Studio құлаққаптарының, Apple TV 2020 телевизиялық тіркемесінің, сондай-ақ ARM негізіндегі процессорға жалғанған алғашқы MacBook-тың таныстырылымы өтеді деп жоспарланған.
Сондай-ақ бұған дейін ғалымдар ұялы телефонға тәуелді адамдарға смартфон жарығының зияны барын айтып, дабыл қаққан болатын.
Зерттеушілер смартфонның көк жарығы күннің адам терісіне келтіретін зиянына теңбе-тең нұқсан келтіреді деген тоқтамға келген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1878535-telefondagy-zagyryk-neni-bildiredi/