Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су жаңа iPhone 12 таныстырылымы қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Жаңа айфон
Фото: РИА Новости / Валерий Мельников

Apple компаниясы жаңа өнімдерінің кезектен тыс таныстырылымын өткізеді. Іс-шара барысында iPhone 12 смартфоны көпшілік назарына ұсынылмақ деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Аталған ақпарат компанияның ресми сайтында пайда болды.

Таныстырылым 13 қазанға жоспарланған.

Жаңа iPhone смартфондары төрт үлгіде шығады. Одан бөлек, іс-шара барысында AirTag іздеу құрылғысы, AirPods Studio құлаққаптары, Apple TV 2020 телевизиялық тіркемесі, сондай-ақ ARM негізіндегі процессорға жалғанған алғашқы MacBook көпшілік назарына ұсынылады.

Еске сала кетейік, жақында қарапайым айфонмен түсірілген 2020 жылдың ең үздік суреттерін көрсеткен болатынбыз.

Көздің жауын алар керемет сурет түсіру үшін қымбат фотоқұрылғылар сатып алудың қажеті шамалы. Мұны iPhone Photography Award 2020 байқауының жеңімпаздары кезекті рет дәлелдеп берді.

Сондай-ақ бұған дейін ғалымдар ұялы телефонға тәуелді адамдарға смартфон жарығының зияны барын айтып, дабыл қаққан болатын.

Дерматологтар ұялы телефонға ұзақ үңілетіндерге бұл әдеттен арылуға кеңес беруде.

Зерттеушілер смартфонның көк жарығы күннің адам терісіне келтіретін зиянына теңбе-тең нұқсан келтіреді деген тоқтамға келген.

Биологиялық псориаз клиникаларында және Тері мен қатерлі ісік қорында жұмыс істейтін консултант-дерматолог Шьямалар Гунатхисанның айтуынша, смартфоннан шығатын көк түсті жарық адам терісін зақымдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1878257-su-zaa-iphone-12-tanystyrylymy-kasan-tetini-belgili-boldy/

pixel