Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамның ұйқысы қанса да, шаршаңқы оянуына не себеп

Жарияланған күні:

Фото
Фото: pexels.com

Адам ағзасы циклдармен ұйықтайды. Дұрыс ритм сақталғанда адам ояна сала жаттығу жасап, тоғызға таман жұмысқа барады да, кешкі онға қарай ұйқыға дайындалады. Ал демалыс күндері бұл ритм бұзылатын болса сенбі түске дейін ұйықтаған адамды миы түсінбей дал болады. Түсте оянғанда ми таң енді атып жатыр екен деп түскі асты таңғы ас деп қабылдайды дейді невролог Кристофер Уинтер. Бұл адамның шаршаңқы оянуының бір себебі. Осы орайда медицина зерттеулеріне сүйеніп шаршап оянуға себеп болатын факторлар ұсынылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Massaget.kz басылымына сілтеме жасап.

Көп қимылдамау

Физикалық белсенділікті көбісі азып-тоздырып жіберетін нәрсе деп ойлайды, алайда бұл пікірдің теріс жағы да бар. Спорт кешендерінде жаттығу жасау адамның денсаулығын жақсартып қоймай, ұйқы сапасына да әсер етеді. Аптасына бірнеше рет жеңіл жаттығу жасаған адам энергия жинап, дұрыс ұйықтайды. Өйткені тұрақты жаттығулар дене мен мидың жақсы жұмыс істеуіне әсер етеді, ұйқышылдықты азайтады.

Аз су ішу

Ағзаға су жетпесе, адамның басы айналып, әлсірей бастайды. Дегидратация әсерінен қан азаяды, жүрек жұмысы баяулайды. Бұның салдары ұйқыға да әсер етеді.

Көп кофе ішу

Кофені ұйықтағанға 6 сағат қалғанда ішкен жөн. Кофе шаршауға жауап беретін аденозин затын бұғаттайды, сон себепті бұл өнімді тұтынған адамның әдеттегідей ұйықтай қоюы қиынырақ.

Ұйықтар алдында смартфон шұқылау

Экранның көк түсі ұйқы гормоны мелатониннің бөлінуін тежейді. Оның әсері білінбегенімен, адам бәрібір терең ұйықтай алмайды.

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880152-adamny-jkysy-kansa-da-sarsaky-oanuyna-ne-sebep/