Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмысына күнде біз өкше мен белдемше киіп баратын ер адам жұртты таңырқатты

Жарияланған күні:

Марк
Фото: markbryan911

Күнде жұмысына біз өкше мен белдемше киіп жүретін ер адам желі жұлдызына айналуда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Марк Брайан атымен Instagram желісіне тіркелген ер адамның 40 мыңнан астам жазылушысы бар.

Марк жұмысқа әйелдердің киімін киіп баруды ұнатады. Біз өкше мен белдемшенің түр-түрін киетін азамат күнделікті жазылушыларына суреттерін жариялап отырады.

"Жұмыстағы қарапайым сейсенбілік уақыт. Мен бақытты неке құрған натурал жігітпін. Әдемі әйелдерді, Поршені ұнатамын. Одан бөлек, күнделікті гардеробыма біз өкше мен белдемше қосқанды жаным сүйеді. Көйлек пен аяқ киімде жыныстық айырмашылық болмауы тиіс", - деп жазған ол.

Желі қолданушыларының дені ер адамның таңдауына сыйластықпен қарап, мақтауларын жаудырған.

"Керемет біз өкшелер, қайдан таптыңыз", "Тамаша, өзіңізге жарасып тұр", "Сәннен хабарыңыз бар екені байқалады", "Белдемше мен біз өкшені әдемі үйлестіреді екенсіз", - деп жазған пікір қалдырушылар.

Ер адам біз өкшені жұмыста ғана емес үйінде де киеді екен. Ол карантин кезінде үйінде біз өкшемен отырған суреттерді де жүктеуде.

Кей пікір қалдырушылар жігіттің ойына ортақ екендерін жасырмады. Олар да киім-кешек жынысқа қарай бөлінбеуі тиіс деген пікірде екен.

Еске салсақ, бұған дейін біз ерекше әдемі көз жанарына ие тайпа әлем жұртшылығының таңдайын қақтырғанын жазған едік.

Одан бөлек, әлемдегі ең үлкен ерінге ие болғысы келген ару адам танымастай өзгеріп кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880226-zmysyna-knde-biz-kse-men-beldemse-kiip-baratyn-er-adam-zrtty-tayrkatty-foto/