Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерекше әдемі көз жанарына ие тайпа әлем жұртшылығының таңдайын қақтырды

Опубликовано:

Тайпа
Фото: geo.rock888

Индонезияда тұратын тайпалардың бірі ерекше әдемі көз жанарына ие болудың арқасында әлем жұртшылығының назарына ілікті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Индонезия - ерекше ел. Индонезия архипелагы 17 мыңнан астам аралдан құралған. Бұл жайт оны әлемдегі ең үлкен "арал мемлекетке" айналдырып отыр.

Тайпа
Фото: geo.rock888

Осындай кішігірім аралдардың көптігінің арқасында Индонезия мәдениеті де сан-алуан ерекшеліктерге бай деп айтуға болады. Себебі, мұнда халқы 700-ден астам тілде сөйлейді.

Тайпа
Фото: geo.rock888

Кішкентай Бутон аралындағы тайпалардың бірі сирек генетикалық аурудың арқасында ерекше сұлулыққа ие болып отыр.

Тайпа
Фото: geo.rock888

Ваарденбург синдромы деп аталатын бұл дерт тұрғындардың есту қабілетін нашарлатудың орнына, олардың көз жанарының түсін өзгерткен. Нәтижесінде көздің жауын алар көк түсті жанарға ие болған тайпа өкілдері әлем жұртшылығының таңдайын қақтыруда.

Тайпа
Фото: geo.rock888

Дерттің салдарынан кей тұрғындардың бір көзі ғана көк түске боялып, гетерохромия белгілері байқалып жатады.

Тайпа
Фото: geo.rock888

Индонезияның Ява аралынан шыққан геолог және әуесқой фотограф Корчной Пасарибу жерлестерінің таңқаларлық көздерін фотоға түсіріп, суреттермен өзінің Instagram парақшасында бөлісе бастайды.

Тайпа
Фото: geo.rock888

Бұл синдромға шалдығу мүмкіндігі 42000-нан 1-ді құрайтындығын айта кету керек.

Тайпа
Фото: geo.rock888

"Мен оларды 2019 жылдан бастап білемін, бірақ оларды суретке түсіруге 2020 жылдың 17 қыркүйегінде бір-ақ бардым. Мен оларды суретке түсіргеніме қуаныштымын", - дейді Пасарибу.

Тайпа
Фото: geo.rock888

Фотограф сонымен бірге экология мен қоршаған ортаға байланысты бірнеше керемет суреттер түсірді.

Тайпа
Фото: geo.rock888

Тайпа
Фото: geo.rock888

Тайпа
Фото: geo.rock888

Тайпа
Фото: geo.rock888

Еске салсақ, бұған дейін біз шетелдік БАҚ қазақ жігітінің өзгеше сымбатына тәнті болғанын жазған едік.

Одан бөлек, әлемдегі беделді сән журналы домбырада ойнайтын қазақ қызына таңдай қаққанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1878474-erekse-demi-kz-zanaryna-ie-tajpa-lem-zrtsylygyny-tadajyn-kaktyrdy/

pixel