Маскасын шешіп, көшеде сүйіскен ғашықтар айыппұл арқалады
Жарияланған күні:
Италияда карантин талаптарын бұзып, маскасыз сүйіскен ғашықтарға 201 мың теңгеге жуық айыппұл салынған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.
Миланда екі жылдан бері атастырылып қойған 40 жастағы италиялық азамат пен оның сүйіктісі тәртіп сақшыларының назарын аударған.
Ер адам мен қалыңдығы мейрамханаға бара жатқан жолда маскаларын шешіп, сүйіскен.
Жергілікті биліктің қаулысына сәйкес, адамдар бір-біріне жақын тұрған кезде қорғаныш құралдарын тағуы керек. Бұл бірге тұратын азаматтарға міндетті емес.
Алайда құқық қорғаушылар қос ғашықтың әртүрлі мекен жайда тұратынын анықтаған. Олардың атастырылып, тығыз байланыста екендігіне қарамастан 400 еуро (201 мың теңгеге жуық) айыппұл салған.
Еске сала кетсек, бұған дейін украиналық танымал дәрігер Евгений Комаровский коронавирус инфекциясы жыныстық жолмен жұға ма деген сауалға жауап берген болатын.
Комаровскийдің сөзінше, коронавирустың жыныстық қатынас арқылы жұғатынына ешқандай дәлел жоқ. Алайда індеттің көздің шырышты қабаты, дененің жоғарғы бөлігі арқылы (сүйісу, тыныс алу) тез жұғатынын ескерген жөн.
Айта кетсек, бүгінге дейін коронавирус жұқтырғандар ресми анықталмады деп мәлімдеген Түркіменстанда полиция маскасыз көшеде жүргендерді ұстап, айыппұл салып жатқаны хабарланған еді. Ал төлей алмағандар мақта алқабына шығарылып, жұмысқа салынып жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880228-maskasyn-sesip-ksede-sjisken-gasyktar-ajyppl-arkalady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.