Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

14 африкалық баланы асырап алған 26 жастағы бойжеткен жұртты тәнті етті (фото)

Жарияланған күні:

Летти
Фото: Letty McMaster / SWNS

Ұлыбританияда 26 жастағы бойжеткен 14 африкалық баланы асырап алып, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Летти Макмастер Street Children Iringa атты қайырымдылық қорын құрған деп жазады Daily Star.

Небәрі 26 жасында бойжеткен 14 африкалық жетім баланы асырап алған.

Африка еліндегі балалар үйінде жұмыс істейтін ару 18 жасынан бастап қайырымыдылықпен айналысуда.

Англияның Танбридж-Уэллс қаласынан Танзаниядағы балалар үйіне ерікті ретінде келген бойжеткен балалар үйінде үш жыл жұмыс істеген.

Балалар
Фото: Letty McMaster / SWNS

Кейін Летти балалар үйі жабылып, далада қалып қою қаупі төнген тоғыз баланы асырап алады.

Соңғы жеті жылда ол тағы бес баланы асырап алып, бүгінде барлығы 14 баланы қамқорлығына алып отыр. Летти барлық балаларды бір үйге жинап, оларға жақсы өмір сыйлауда.

"Кішкентай балалар мені анасы ретінде қабылдады. Ал ересектеу балалар жас айырмашылығымыз айтарлықтай үлкен болмағасын мені туған әпкесіндей көреді. Өзімді олардың ортасында бақытты сезінемін", - дейді ол.
Летти
Фото: Letty McMaster / SWNS

Бойжеткен жетім балалардың жағдайына жүрегі ауыратынын жасырмады. Ол өңірде жетім балаларға күніне бір-ақ рет тамақ беріп, балалар үйіне арналған көмек қаражатын жымқырып отырғандар барын жасырмады.

Сол себепті, жетім балаларға шынайы көмек көрсететін өз қорын ашқан ару көше кезіп жүрген балаларға барынша жағдай жасауға тырысып жүр.

Летти
Фото: Letty McMaster / SWNS

Еске салсақ, бұған дейін бес сәбиді дүниеге әкелген ерлі-зайыпты үлкен үй іздеуге кіріскенін жазған едік.

Одан бөлек, талай сәбидің өмірін сақтап қалған бокстар туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880254-14-afrikalyk-balany-asyrap-algan-bojzetken-zrtty-tnti-etti-foto/