Бес сәбиді дүниеге әкелген ерлі-зайыпты үлкен үй іздеуге кірісті
Жарияланған күні:
АҚШ-тың Солтүстік Дакота штатында бір отбасында бірден бес сәби дүниеге келді. Ерекше бақытқа бөленген отбасы үлкен үй іздестіруге кіріскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.
Джошуа Хьюлен мен әйелі Меган бес сәбиімен перзентханадан аман-есен шығып, үйіне оралды деп жазады metro.co.uk.
Суррейде тұратын ерлі-зайыптылар бір-ақ күнде төрт қыз бен бір ұл баланың ата-анасы атанып отыр.
Жаңа туған нәрестелерден бөлек ерлі-зайыптылардың екі жасар Мэтью және жеті жасар Джейкоб есімді ұлдары бар.
"Олар жасанды ұрықтандыру жолымен келген жоқ", - деп ағынан жарылды жұбайлар.
Хьюлендер қызды болғысы келіп, бедеулікке қарсы ем қабылдай бастағанын еске алды. Бірақ дәрігерлер бұл дәрі-дәрмектердің кері әсері болғасын, емді тоқтатып тастаған. Алты апталық ультрадыбыстық зерттеуден өткен ерлі-зайыпты бес баланы күтіп отырғандарын естігенде аң-таң болған.
Квинт, Хлоя, Адам, Эмма, Эллисон және Мэдисон есімді егіздер 2 қыркүйекте 32-аптада дүниеге келген.
Дәрігерлер ерлі-зайыптыларға, бір-екі баласының шетінеп кетуі мүмкін екенін ескерткен екен. Жұбайлар ақ халаттылардың болжамы орындалмағанына қуануда.
"Дәрігерлер бір-екеуін жоғалтуын ғажап емес деді. Бес бала болмаса да, үшеуі өмірге келетініне тәубә деп қайттық. Бір аптадан кейін тексерістен өтуге қайта оралдық, бес рет жүрек соғылды", - деп есіне алды Меган.
Көпбалалы отбасы енді үлкен көлік пен үй сатып алуды жоспарлап отыр. Демалыс күндері бұл жанұяға көмек ретінде қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Еске салсақ, бұған дейін біз анасы коронавирустан комаға түскен егіздер аман-есен дүниеге келгенін жазған едік.
Одан бөлек, 23 жасында 6 баланың анасы атанған түркістандық келіншек туралы жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1879773-bes-sbidi-dniege-kelgen-erli-zajypty-lken-j-izdeuge-kiristi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.