Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік дәрігерлер ер адамның "жүкті екенін" анықтап, оны гинекологқа жолдаған

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: lenta.ua

Башқұртстанның астанасы Уфа қаласында ер адам оқыс жағдайға тап болды. Дәрігерлер оған "жүкті" деген диагноз қойған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы lenta.ua сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы "жүкті" жігіт Салауат Асхатовтың өзі әлеуметтік желіде жария еткен.

Жігіттің сөзіне сенсек, оған Уфа қаласындағы No21 ауруханада жүктілік диагнозы қойылып, гинекологқа қаралу кеңесі берілген.

Ер адам бұл диагнозды өзінің анамнезінде кездейсоқ анықтаған екен.

"Мен жүктімін, сонымен қатар маған гинекологтың кеңесі қажет екен. Мұны қалай атау керек, ұқыпсыздық, немқұрайлылық?" - деп ашуланды Асхатов.

Ол Башқұртстанның денсаулық сақтау министрлігіне оны жүкті деп таныған дәрігерлердің жұмысына назар аударуды сұрап, шағым түсірді.

Мекеме техникалық қате болғанын алға тартыпты. Олар пациенттің ауру тарихы туралы суреті тексеруден өтпей жатып және аурухана басшысының қолынсыз интернетте жарияланғанына баса назар аударды.

Аурухана басшылығы қызметтік тергеу жүргізіп, ер адамға осындай диагноз қоюға қатысқандардың барлығын анықтады.

Еске салсақ, бұған дейін біз ғалымдар коронавирусты толықтай жоятын тазалық құралын тапқанын жазған едік.

Одан бөлек, асқазаны ауырғанға шағымданған қыздың көзінен жастың орнына қан аққанын жазған болатынбыз. Бірнеше күн бойы дәрігерлер бұл ерекше құбылыстың себебін түсінуге тырысып, сансыз талдаулар жасайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1880920-resejlik-drigerler-er-adamny-zkti-ekenin-anyktap-ony-ginekologka-zoldagan/

pixel