Кілемге тұрмысқа шыққан жалғызбасты ана дүркіретіп той жасады
Жарияланған күні:
Ұлыбританияның Стокпорт қаласында жалғызбасты ана кілемге тұрмысқа шығып, дүркіретіп той өткізді деп жазады newsyou.info.
26 жастағы казино жұмысшысы Бекки Кокстың екі баласы бар. Жан жарын табуда жолы болмаған жалғызбасты ана бір жыл бұрын кілем сатып алып, оған ғашық болып қалады.
Бекки өзінің сүйікті кілемін күніне бірнеше рет шаңсорғышпен тазартып, тазалап, жуып, тіпті оған Мэт деген есім берген. Достар оның Мэтке күндердің бір күні үйленуі мүмкін екенін айтып, әзілдей бастайды.
Ақыры достарының әзілін шындыққа айналдырған Бекки оған тұрмысқа шығып алды. Бір сағатқа созылған үйлену тойы Стокпорттағы Беккидің үйінің жанында орналасқан Independent Fitters кілемдер дүкенінде өтті.
Үйлену тойына сыйлық ретінде Беккиге дүкен иесі кілем күтіміне арналған көптеген өнімдер сыйлаған. Бұл тазартқыш құралдарs оған талай жылдарға жететіні анық.
"Менің Мэтке есім кеткен. Балалар ұйықтап жатқанда мен оның жанына жиі жатып, ішкі ойларымды айтамын. Мен жалғызбасты анамын, сондықтан ол менің сенімді адамыма айналды", - дейді ол.
Жалғызбасты ана ерекше бақытты екенін алға тартты.
"Бұдан бақытты күндерім болған емес. Жаңа жылды Мэтпен бірге қарсы аламын. Мен сондай-ақ, кейде Мэтке аяқ бассам да, оны ешқашан таптамаймын деп уәде бердім", - дейді Бекки.
Еске салсақ, бұған дейін біз ағашқа тұрмысқа шыққан әйел "некесіне" бір жыл толуын атап өткенін жазған едік.
Одан бөлек, ғалымдар төсек қатынасы кезінде смартфонға телміретіндердің көбейгенін айтып, дабыл қаққанын жазған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1881459-kilemge-trmyska-sykkan-zalgyzbasty-ana-drkiretip-toj-zasady/