Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жастардың басым бөілігі қандай жұмыс істегісі келеді

Опубликовано:

Молодые люди смотрят в экран ноутбука
Фото: pexels.com

Жас қазақстандықтар көбінесе орта мектеп мұғалімі, дәрігер және кеңсе қызметкері болып істегісі келеді. Мұндай тұжырымға Электрондық еңбек биржасының 2020 жылдың 9 айындағы жұмысын зерделеген «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мамандары келіп отыр. Белгілі болғандай, талапкерлердің ең көп түйіндемелерін денсаулық сақтау және білім беру салалары құраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мәліметі бойынша, жыл басынан бері Электрондық еңбек биржасында 510,9 мың түйіндеме орналастырылған. Олардың 40%-ын 29 жасқа дейінгі қазақстандықтар жүктеген.

Жұмыс іздеушілер саны бойынша аймақтар арасында Түркістан облысы (24,8 мың түйіндеме немесе 12,2%) алға шығып отыр, екінші орында - Жамбыл (16,9 мың немесе 8,3%), ал үшінші орында - Ақтөбе облысы ( 15,5 мың немесе 7,6%).

Түйіндемелерді ең аз Солтүстік Қазақстан облысының (5,9 мың немесе 2,9%), Ақмола (6,3 мың немесе 3%) және Батыс Қазақстан облыстарының (3,2%) жас тұрғындары салған.

Орталық талдаушылары атап өткендей, бұл түсінікті жағдай. Себебі тиісті көрсеткіштер, жалпы алғанда, республикадағы демографиялық құрылымға сәйкес келеді.

Сонымен, Түркістан облысында 2020 жылдың басында 15-29 жас аралығындағы жастардың үлесі 22,5%-ды, ал республикалық көрсеткіш 20,5%-ды құрады. Жамбыл облысында бұл меже 20,7%, Солтүстік Қазақстан облысында - 18,3%, ал Ақмола облысында - 19,5%. Сәйкесінше, Түркістан облысы барлық жастардың 11,9%-ын, ал Солтүстік Қазақстан облысы 2,6%-ын ғана еншілеуде.

«Электрондық еңбек биржасына 29 жасқа дейінгі үміткерлерден ұсынылған барлық түйіндеменің жалпы көлемінде ең үлкен орынды біліктілігі жоқ жұмысшылар алады - 48,8 мың түйіндеме немесе 24,1%», - деді «ЕРДО» АҚ болжам департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Мұндай статистика, Орталық өкілдерінің сөзінше, Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асырудың нәтижесінде қалыптасып отыр. Еске сала кетейік, Жол картасындағы негізгі мақсат – жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру мен инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасау.

Аталмыш құжат пандемия кезінде халықты қолдаудың басты шараларының біріне айналды. Өйткені бағдарлама бойынша 205 мың қазақстандық жұмыспен қамтылды. Олардың барлығы автомобиль жолдарын, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да инфрақұрылым нысандарын салу мен жөндеудің іс-қимылдарына жұмылдырылды.

«Егер біліктілігі жоқ жұмысшыларды назарға алмайтын болсақ, түйіндемелер саны 140,3 мыңға дейін қысқарады. Оның ішінде бірінші орынға қоғамдық пәндер бойынша орта мектеп мұғалімдері, әрі қарай орта медициналық қызметкерлер мен бастауыш сынып мұғалімдері шығады. Алдыңғы сапқа, сондай-ақ, кеңсе қызметкерлері мен штат заңгерлері, жалпы тәжірибе дәрігерлері, спорт жаттықтырушылары мен оқытушылар кіреді», - деп тарқатады сарапшы.
Инфографика
Фото: ҚР ЕХӘҚМ

Қазақстандық жастар қандай жұмыс істегісі келеді

Қоғамдық пәндер бойынша орта мектеп мұғалімдері - 6,3 мың түйіндеме немесе 4,5%

Орта медициналық қызметкерлер - 4,8 мың түйіндеме немесе 3,5%

Бастауыш сынып мұғалімдері - 4,8 мың түйіндеме немесе 3,5%

Кеңсе қызметкерлері - 3,7 мың түйіндеме немесе 2,6%

Штат заңгерлері - 3,7 мың түйіндеме немесе 2,6%

Жалпы тәжірибе дәрігерлері - 3,5 мың түйіндеме немесе 2,5%,

Спорт жаттықтырушылары мен оқытушылары - 3,2 мың түйіндеме немесе 2,2%

Электронды еңбек биржасы арқылы мұғалім, дәрігер және заңгерлермен қатар, фельдшерлер (2,8 мың түйіндеме немесе 2%) және мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері (2,7 мың немесе 1,9%) жұмыс іздеуде.

Аймақтар жөнінде, орта мектеп мұғалімдері, барлық жерде дерлік бірінші орында. Жастар кеңседе жұмыс істегісі келетін Атырау облысы мен Алматы қаласы ғана ерекшеленуде. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды ​​облысында, жастар терапия мен жалпы тәжірибе саласындағы дәрігерлердің жұмысына қызығушылық танытуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1882138-kazakstandyk-zastardy-basym-biligi-kandaj-zmys-istegisi-keledi/

pixel