RU

Танымал блогер педофил болуы мүмкін деген күдікке ілінді

Блогер қыз
Фото: zlp_rarez

TikTok жұлдызы Зоуи Лаверн өз қатысуымен түсірілген арандатушылық видеоларын желіге жүктеп, көпшіліктің ашуына тиді. Онда бойжеткен 13 жастағы жасөспіріммен сүйіседі.

Бейнероликті Twitter желісіне Def Noodles есімді қолданушы жүктеген. Кадрлардан жеткіншектің 19 жастағы блогер қыздың ернінен сүю үшін өзі тартылғанын байқауға болады деп жазады Dexerto.com.

Ал жазба авторы жастардың жылы сезімі көрсетілген кадрларды көпке көрсеткісі келгенін айтқан. Видео Зоуи Коди есімді бұрынғы жігітімен айырылысқан соң бірден пайда болды. Хакерлер Лаверннің экс-сүйіктісімен сөйлескен хаттарын бұза алған. Осылайша, блогер қызды жігіті жеткіншекпен жақын араласқаны үшін тастап кеткені белгілі болды. Зоуи оқырмандардың өзін педофил деп айыптауына қатысты ешқандай жауап берген жоқ. Оның орнына көпшілікке анасы жауап қайырды.

Келіншек өз қызын қорғамақ болып видео түсірген. Айтуынша, арандатушы видеоға түскен Зоуидің жақын досы және бұл тұрғыда педофилия жайлы ойлау миға қонымсыз.

Сондай-ақ, қыздың анасы желі қолданушыларынан Зоуиға қатысты теріс пікір жазбауды өтінді. Көп ұзамай Лаверн Instagram желісіндегі парақшасын өшіріп тастады. Дегенмен, ол алдын ала оқырмандарына қысқа мерзімнен соң оралатынын айтып кетті. Зоуидің айтуынша, ол теріс пікірлерді оөқып, жылаудан шаршаған.

Айта кетейік, осыған дейін Екібастұз қаласының тұрғыны, белгілі блогер кәмелет жасынан толмаған қызды зорлады деген күдікпен қамауға алынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1882459-tanymal-bloger-pedofil-boluy-mmkin-degen-kdikke-ilindi/