RU

Аctiv абоненттері енді Visa QR арқылы төлем жасап, 25 пайызға дейін кэшбэк ала алады

Кселл QR
Фото: Кселл

"Менің Активім" мобильді қосымшасы арқылы қолма-қол ақшасыз-ақ жол ақысы мен сатып алынған заттар үшін төлем жасауға мүмкіндік бар.

Төлем карталары салынған әмияныңызды үйде қалдырып кетіп, тауардың ақшасын төлей алмай қалатын жағдайлар сізде жиі кездесе ме? Кейде, тіпті қолда ақша бола тұра, ол жеткіліксіз болып қалатын жайттар да туындап жатады. Міне, дәл осындай сәттерде "Менің Активім" мобильді қосымшасындағы Visa QR арқылы төлеу мүмкіндігін пайдалануға әбден болады. Себебі, телефоныңыз әрқашан жаныңызда.

"Кселл" компаниясы activ абоненттеріне арнап мобильді нөмір балансы арқылы Visa QR-коды негізінде тауарлар мен сатып алулар үшін төлем жасау мүмкіндігін ұсынып отыр.

Осыған байланысты Қазақстан аумағында "Менің Активім" қосымшасындағы Visa QR көмегімен жасалған кез келген төлем үшін 25%-ға дейінгі сомада кэшбекпен QR төлем жасау науқаны жүзеге асуда.

Қазірдің өзінде Visa QR арқылы жасауға болатын төлемдер:

  • Ел астанасы мен Алматы, Қызылорда, Ақтөбе, Талдықорған секілді өзге қалалардағы қоғамдық көлік жолақысы.
  • Алматы, Нұр-Сұлтан және Қазақстанның өзге де қалаларындағы 3000-нан астам сауда нүктелеріндегі, сондай-ақ шетелдер мен Visa QR-коды шешімі қолжетімді жерлердің барлығында жүзеге асатын сатып алулар.

Visa QR көмегімен төлем жасау үшін "Менің Активім" мобильді қосымшасына кіріп, QR-сканері белгішесін таңдап, QR-кодты сканерлеп алу қажет. Одан соң төлем реквизиттерін толтырып, деректердің дұрыстығына көз жеткізіп, төлемді растау керек.

"Кселл" өз абоненттері үшін мобильді қаржылық қызметтер желісін дамыту мен кеңейтуді жалғастыруда. Біз activ абоненттеріне арналған жаңа қызмет түрі "Менің Активім" мобильді қосымшасындағы QR-сканер көмегімен мобильді нөмір балансы арқылы сатып алулар үшін төлем жасау мүмкіндігі туралы хабарлап отырғанымызға қуаныштымыз.

Бүгінгі таңда "Менің Активім" мобильді қосымшасындағы QR-сканер арқылы төлем жасау Алматы, Нұр-Сұлтан және өзге де қалалардағы 3000-нан астам сауда нүктесінде және қоғамдық көліктерде қолжетімді. Visa QR -мен төлем жасау сатып алулар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл қолма-қол ақшасыз төлемді жүзеге асырудың ыңғайлы, қауіпсіз әрі тез тәсілі. Себебі, сіздің смартфоныңыз үнемі жаныңызда! Осы тәсіл арқылы төлем жасайтын әрі заманға сай әрекет ететін абоненттерді қолдау мақсатында "Кселл" Visa компаниясымен бірлесе отырып, activ абоненттерінің мобильді балансына Visa QR(1) арқылы жасалған әр төлем сомасының 25%-на дейінгі көлемдегі кэшбэкті сыйға тартады.

Біз өз абоненттерімізді құрметтейміз және сыйлаймыз, сондықтан жаңа өнімдер мен қызметтер жасау, қызмет көрсету сапасын жақсарту мен қызықты науқандарды жүзеге асыру бойынша үздіксіз жұмыс істейміз", - деді Қызмет көрсету департаментінің директоры Қазбек Шаимов.

Қызмет технологиялық серіктестер - "Wooppay" ЖШС және "Қазақстан Халық банкі" АҚ-мен бірге жүзеге асып отыр.

(1) - qr.activ.kz тұтынушыларына арналған ережелер мен науқандар.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1882615-activ-abonentteri-endi-visa-qr-arkyly-tlem-zasap-25-pajyzga-dejin-kesbek-ala-alady/