Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адам не себепті күніне 10 мың қадам жүру керек

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexebay.com

Ғалымдар адам не себепті күніне 10 мың қадам жүруі керек деген сауалға жауап қайтарды деп жазады Massaget.kz.

Бұл меже өткен ғасырда пайда болған екен. ХХ ғасырда қадам өлшейтін құрылғыны жасаушылар 10 мың қадамды норма етіп бекітіпті. Содан бастап бұл көрсеткіш өзгерген жоқ. 

Жүрегі ауыратын науқастарға медицина мамандары таза ауада көп жүруге кеңес береді. Себебі жаяу жүру денені шымыр етіп, таза ауа өкпеге жақсы әсер етеді.

JAMA Internal Medicine журналы адамның күнделікті жасаған қадамы мен өмір жасының қысқаруы арасындағы байланыс туралы зерттеу жұмысын жария еткен. Онда сынаққа 72 жастағы 16 мың әйел қатысқаны айтылды. Олар 4 жыл бойы фитнес-сағатты тағып жүрген. Соның нәтижесінде тәулігіне 7 500 қадамнан көп жүргендер аз қимылдағандарға қарағанда ұзақ өмір сүргені анықталған.

Ғалымдар күніне кемінде 30 минут немесе 10 мың қадам жүру ең оңтайлы шешім деп санайды. Алайда бұл барлық адамға шаққандағы ең төменгі көрсеткіш екенін ескерген жөн. Сондықтан тек жаяу жүріп қана қоймай, дене шынықтырумен шұғылданып, көбірек қимылдау керек.

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ғалымдар тәулігіне кем дегенде 30 минут жаяу жүрудің пайдасын тізбектеп шықты:

  • Рухани сергектік береді.
  • Ми жақсы жұмыс істейді.
  • Арықтауға көмектеседі.
  • Сондай-ақ зерттеулер асықпай, баяу жүруге қарағанда бір қалыпты жылдам темпті жүрудің пайдасы көбірек екенін көрсеткен.
  • Созылмалы аурулардан сақтайды. Жаяу жүру қан қысымын 11 балға азайтады және сал ауруына шалдығу қауіпін 20-30 процетке азайтады.
  • Жүйелі түрде жаяу жүру варикоз қаупін азайтады.
  • Қан айналымын ретке келтіреді.
  • Жаяу жүру артық салмақтан арылып, буындарға түсетін жүкті азайтумен қатар оттегінің буындарға жақсы тарауын қамтамасыз етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884667-adam-ne-sebepti-knine-10-my-kadam-zru-kerek/

pixel