Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Канадада коронавирустан қорғайтын шлемдер сатылымға түсті (фото)

Опубликовано:

Видеодан кадр
Фото: Хабар 24

Канадада VZYR Technologies компаниясы коронавирустан қорғайтын шлемдерді шығара бастады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Шлемнің атауы – BioVYZR. Батареяның қуаты 12 сағатқа жетеді. Мұндай қорғаныш шлемді алдын ала тапсырыспен 379 долларға сатып алуға болады.

Басылым мәліметінше, электр қуатымен жұмыс істейтін шлем ауаны тазартуға арналған жүйемен қамтамасыз етілген. Фильтр панельдің артқы бөлігінде орналасқан.

Қорғаныш шлемдері бас пен дененің жоғары бөлігін толықтай жауып тұрады.

Езин Аль-Кайси екі айдан бері өзі ойлап тапқан осы құрылғыны пайдаланып жүр екен.

Еске сала кетсек, бүгін, 17 қарашада COVID-19 жұқтырудың алғашқы дерегі тіркелгеніне тура бір жыл болды.

Осы он екі айдың ішінде әлем бойынша коронавирусты 55 милионнан аса адам жұқтырған.

Соңғы мәліметтерге көз жүгіртсек, COVID-19-ды жұқтыру бойынша бірінші орында АҚШ тұр. Елде 11 миллионнан аса адамнан коронавирус анықталған.

Екінші орында Үндістан болса (8 874 918), үшінші орында Бразилия (5 876 740).

Қазіргі уақытта Еуропа елдерінде коронавирустың екінші толқыны басталған. Кәрі құрлықта індет кеңінен таралған елдің бірі Ұлыбританияда 5 қарашадан бастап карантин енгізілген болатын.

Сондай-ақ Польшада коронавирусты жұқтырғандардың саны артуына байланысты жаңа шектеулер енгізілді. Оған сәйкес елде барлық кинотеатр мен театрлар, мұражай, қоғамдық және музыкалық орталықтар жабылған.

Ал Грекияда 7 қарашадан бастап жалпыұлттық локдаун жарияланды.

Еліміздегі ахуалға келсек, коронавирус жұқтырған адамдар саны күн санап артуда. Мәселен, өткен тәулікте 602 қазақстандықтан COVID-19 анықталған. Осылайша пандемия басталғалы бері елде коронавирус жұқтырғандар жалпы саны 121 653-ке жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1885138-kanadada-koronavirustan-korgajtyn-slemder-satylymga-tsti-foto/

pixel