Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерге бару үшін 14 келіге арықтап, көру қабілетін жақсартқан жігіт жұртты таңырқатты

Жарияланған күні:

Әскер
Көрнекі сурет: zen.yandex.ru

Башқұртстан тұрғыны Азамат Шакиров әскер қатарына қабылдану үшін 14 келі салмақ тастап, көру қабілетін жақсартқан деп хабарлайды РИА Новости.

Көктемгі шақырту кезінде 25 жастағы жігіт медициналық тексеруден өтпей қалған. Содан кейін Шакиров денсаулығын қолға алуды ұйғарады.

"Келесі күні мен көру қабілетімді жақсарту үшін дәрігерлерге жүгіндім. Фитнеске жазылдым. Жаттықтырушыға ақшам жоқ еді, бірақ жаттықтырушылардың бірі әскерге баруды армандап жүргенімді, сол үшін жаттығып жатқанымды біліп, маған тегін көмектесуді ұйғарды. Ол мені жаттықтырып, дұрыс тамақтануымды бақылап отырды. Нәтижесінде мен алты айда 14 келі салмақ тастадым. Қазір салмағым 118 келі болды", - дейді Азамат Шакиров.

Департаменттің мәліметінше, күзде ол медициналық тексеруден сәтті өтіп, Ресей Қарулы Күштері қатарына шақырылған. Азамат Калининград облысындағы Әскери-теңіз күштерінде отан алдындағы борышын өтейтін болады.

Еске салсақ, бұған дейін Дағыстанда 66 жастағы тұрғын айналдырған бес сағат ішінде 10 келі салмақ тастап, рекорд жаңартқанын жазған едік. Оған дейін мұндай рекордты ешкім тіркеп көрмеген.

Одан бөлек, австриялық спортшы екі сағат бойы тастай мұздың ішінде киімсіз отырып, әлемдік рекорд орнатқанын жазған болатынбыз.

Ер адамның сөзіне сенсек, салқыннан оның денесі қатты ауырған. Алайда ол ойын басқаға бұрып, жақсы эмоцияларға толтыру арқылы бұл ауырсынуларды жеңе алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1885189-skerge-baru-sin-14-kelige-aryktap-kru-kabiletin-zaksartkan-zigit-zrtty-tayrkatty/