RU

Екі қабырға арасына қысылып қалған қарияға ең арық құтқарушылар көмекке келді

Құтқару сәті
Скриншот: CGTN

Қытайдың Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында екі қабырғаның арасына қысылып қалған зейнеткер құтқарылды.

Шэньси провинциясында орналасқан Юйлинь қаласында болған бұл жайттың видеосы желіде тараған. Құтқарушылар 85 жастағы қарияға көмектесу үшін ең арық адам қажет екенін түсініп, салмағы ең аз деген әріптестерін құтқару операциясына жұмылдырған.

Нәтижесінде бір сағат бойы үлкен сақтықпен әрекет еткен арық келген құтқарушылар қарияны ені 20 сантимерден аспайтын саңылаудан алып шықты.

Олар қарт кісіні арқанмен байлап, абайлап шығарып алғанның арқасында, қария кішігірім жарақаттар ғана алған.

Дәрігерлер зейнеткеге алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін бұл жайттың видеосы 12 қараша күні жергілікті БАҚ арасында тарап кеткен.

Еске салсақ, бұған дейін құлап бара жатқан баласын ұстап үлгерген ана желіде жұлдыз болғанын жазған едік. Үйінің пердесін түзеп жатқан келіншек баласының кереуеттің шетіне тым жақын тұрғанын байқамай қалған. Десе де, ол бүлдіршіннің жарақат алуына жол бермеді.

Одан бөлек, Сочидегі сауда орталықтарының бірінде ондаған адам эсклаторға қысылған бүлдіршінді құтқарып қалғанын жазған болатынбыз. Олар бірігіп, эскалатордың үстінде секіруге кіріскен. Осылайша, эскалатордың қозғалысын тоқтата тұруға мүмкіндік алған көпшілік балақайды шығарып алғанша уақыт ұтқан.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1885646-eki-kabyrga-arasyna-kysylyp-kalgan-kariaga-e-aryk-ktkarusylar-kmekke-keldi-video/