Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігер не себепті ноутбукпен жатып жұмыс істеуге болмайтынын түсіндірді

Жарияланған күні:

Ноутбук
Көрнекі фото: pixabay.com

Кітапты жатып оқыған секілді, ноутбукпен жатып жұмыс істеу денсаулыққа зиян. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне "СМ-Клиниканың" офтальмолог-дәрігері Арпине Адамян айтты.

Оның айтуынша, жатып жұмыс істегенде ноутбукты көз үшін дұрыс ракрусқа келтіру қиын.

"Сонымен қатар мұндай жұмыс кезінде омыртқаға, мойын бұлшықеттеріне, арқаға, сондай-ақ ми тамырларына үлкен күш түседі", - дейді Арпине Адамян.

Дәрігердің айтуынша, көзге жақын қашықтықтағы ұзақ уақытқа созылатын визуалды жүктеме салдарынан кез келген адамда сығырлық пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ маманның сөзінше, ересектерде де, балаларда да ұзақ уақытқа созылатын бас ауруы, бас айналу, алыстан не жақыннан көрудің нашарлауы сынды шағымдар болады.

Адамянның сөзінше, кеңсе қызметкерлері арасында монитормен ұзақ жұмыс істейтіндіктен "компьютер синдромы" кең таралған.

Дәрігер компьютермен жұмыс істеген кезде әрбір 20-30 минут сайын үзіліс жасау керектігін айтады. Сонымен бірге жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылғаны да маңызды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей экономика университеті информатика кафедрасының доценті Александр Тимофеев экраны үлкен смартфондар несімен қауіпті екенін айтып берген еді.

Тимофеевтің айтуынша, экраны үлкен смартфонды қолданудың бірнеше тиімсіз тұсы бар. Біріншіден, телефонды қолыңызға ұстап, бас бармағыңызды экранға "тигізу" қиын әрі ыңғайсыз. Егер сіз мұндай гаджетті жиі қолдансаңыз, қолыңыздағы бұлшықеттерде проблемалар пайда болуы мүмкін.

Сондай-ақ ресейлік маман телефонмен сөйлескенде жаңғырық шығуының бірнеше себебі барын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886425-driger-ne-sebepti-noutbukpen-zatyp-zmys-isteuge-bolmajtynyn-ajtty/