Дәрігер түрлі-түсті масканың адамға қандай қауіп төндіретінін айтты
Жарияланған күні:
Сеченовский университеті Склифосовский атындағы клиникалық медицина институты кафедрасының ассистенті, дәрігер-косметолог Елена Морозова түрлі-түсті бетперденің қаупі туралы ескертті деп жазады mskagency.ru.
"Мен көшеде қара түсті бетперде таққан адамдарды көп көремін. Оның құрамында тері ауруларын асқындыратын бояғыш зат бар. Тіпті пациенттердің өзі бұл маскалардың жағымсыз химиялық иісіне шағымданады", - деді ол.
Морозованың сөзінше, мұның бәрі дерматоз – түрлі тері ауруларын қоздыруы мүмкін. Өйткені қара түсті бояғыш аллергия туғызады. Ал бетперде оның үстіне синтетикадан жасалса, оны мүлде пайдаланбаған дұрыс.
"Егер бұл мақта-матадан тігілген түрлі-түсті маска болса, онда әңгіме басқа. Ал қайда боялғаны белгісіз, суреттермен безендірілген синтетиканы қолдануға кеңес бермеймін", - деді медицина саласының маманы.
Ол матадан жасалған бетпердені үнемі ауыстырып немесе мұқият жуу керек екенін ескертті
"Қазіргі уақытта балалардың көбісі түрлі-түсті маска тағады. Бұл жерде, ең алдымен, өндіруші мен сапаға назар аудару қажет. Егер бала бұндай масканы ауыстырмай және жумай ұзақ кисе, жасөспірімдердің бетіне безеу қаптауы ықтимал. Сондықтан міндетті түрде тазалыққа мән берген абзал", - деді Морозова.
Ол ең дұрысы бір реттік медициналық маска тағу екенін атап өтті.
Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев есектің сүтін емдік мақсатта ішуге бола ма деген сауалға жауап берген болатын.
Одан бөлек, 500-ден астам шөптің түрімен қоректенетін ешкі сүтінің пайдасы туралы жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1886805-driger-trli-tsti-maskany-adamga-kandaj-kauip-tndiretinin-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.