Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын білесіз бе

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берді деп жазады Прайм агенттігі.

Смартфон – тек коммуникация құралы ғана емес, сонымен қатар ол ақша табуға мүмкіндік береді. Мысалы, телефонның камерасын тиімді пайдалануға болады, дейді Аверин.

Айталық, сауда орындарын бағалауға мүмкіндік беретін Streetbee Pro ұялы қосымшасы бар.

"Сауда орнына барып, фотоға түсіріп, оны қосымша арқылы жіберу керек. Сурет үшін сізге ақша төлейді. Бір фото үшін жап-жақсы ақша табуға болады", - дейді ол.

Маман суретті жұмысқа немесе университетке бара жатқанда түсіре салудың еш қиындығы жоқ екенін жеткізді.

Сонымен қатар, сапалы суреттерді бұқаралық ақпарат құралдары және жарнама агенттіктері де сатып алады, дейді Аверин.

ФОто
Көрнекі фото: pexels.com

"Фотоңызды сайтқа жүктеп көріңізші, оны сатып алғысы келетіндердің тез табылғанына таңғаласыз. Әсіресе, бір суреттің бағасы қалта көтерерлік болса", - дейді "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары.

Ол портреттік және сюжеттік фотолар, қалалар, көрікті орындар, мейрамханалар мен тамақтың суреттері, әдемі пейзаждар сұранысқа ие екенін атап өтті. Осының барлығы сізге қосымша табыс бола алады, деп сөзін қорытындылады маман.

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887202-aly-telefon-arkyly-kalaj-kosymsa-aksa-tabuga-bolatynyn-bilesiz-be/

pixel