Ұялы телефон неге қызып кететінін білесіз бе
Жарияланған күні:
Телефонның аздап қызғаны үйреншікті жағдай. Алайда қатты қыза бастаса, шара қолдану керек. Ұялы телефонның қатты қызуынан құрылғы жарылып кетіп, адамдар жапа шегіп шеккен жағдайлар да орын алған. Осы орайда смартфонның не себепті қызып кететінін lifehacker.ru басылымы анықтап көрді.
Ұялы телефонды шамадан көп қолдану
Көп орын алатын ойындар, бейнежазба және ауыр қосымшаларды қолданғанда процессордың шамадан тыс жұмыс істейтіні түсінікті. Нәтижесінде ұялы телефон тек қызып қана қоймай, қуатын жоғалтуды бастайды. GPS, Wi-Fi, Bluetooth немесе 4G сияқты навигациялық және желілік технологияларды белсенді қолданғанда да сол жағдай орын алады.
Не істеу керек: гаджетті шамадан көп пайдаланбауға әрекет еткен жөн. Сонымен қатар, мамандар желіден үлкен файлдарды жүктеу, камерамен және ауыр бағдарламалармен жұмыс істеу үшін үзіліс жасауды ұсынды. Қажет болмаған жағдайда желілік және навигациялық модульдерді өшіру де тиімді.
Гаджетте аяқталмаған бағдарламалардың болуы
Орнатылған бір немесе бірнеше қосымшаларда қателер бар. Сол себепті процессор шамадан тыс жұмыс істейді. Соның салдарынан көбірек жылу бөлініп, батарея тез "отырады".
Не істеу керек: Ойын, бейне қызметі немесе басқа ресурстарды қажет ететін бағдарламамен жұмыс жасаған уақытта температура көтерілсе, оны өшіріп, басқасын жүктеу қажет. Сонымен қатар, жеке бағдарламаларды жаңартуға кедергі жасамау ұсынылады, өйткені жаңа нұсқаларда қателер түзетілуі ықтимал, дейді мамандар.
Құрылғыға сыртқы фактордың әсер етуі
Ұялы телефон күн сәулесінің астында көп тұрса, оны пайдаланған уақытта қатты қызып кетеді. Сондықтан құрылғыны күн сәулесі тікелей түсетін жерге немесе жастықтың астында қалдырмау қажет.
Смартфонды дұрыс қуаттамау
Дұрыс жұмыс істемейтін, арзан қуаттау құрылғысын пайдалану гаджеттің тез қызуына себеп болады. Сонымен қатар, ұялы телефонды тоқ көзіне қосып қойып пайдаланғанда қызып, тіпті өртеніп кетуі ықтимал.
Не істеу керек: компаниялар өзі куәландырған сапалы қуаттау құрылғыларын пайдаланған абзал. Егер қуаттау сымы зақымдалса, ауыстыру қажет. Қуаттау кезінде гаджетке энергияны көп қажет ететін ойындар мен "ауыр" процестерді қолданбауға тырысқан жөн, ондай кезде құрылғы екі есе қызып кетеді, дейді мамандар.
Ұялы телефонның операциялық жүйесінде ақаудың болуы
Гаджеттің температурасы операциялық жүйедегі ақаудан да көтеріліп кетуі мүмкін. Сонымен қатар уақыт өте келе қажет емес файлдар мен басқа бағдарламалық қоқыстар жиналады, бұлар да қызуға ықпал етеді, дейді сарапшылар.
Не істеу керек: Алдымен ұялы телефонды өшіріп, қайта қосу ұсынылады және жүйенің соңғы нұсқаға жаңартылғанына көз жеткізу қажет. Егер ештеңе өзгермесе, маңызды деректерді алдын ала сақтай отырып, телефонды тазалаған абзал.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.
Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.
Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді.
Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.
Сонымен қатар, ресейлік "Синергия" университетінің ақпараттық технолоиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин ұялы телефон арқылы қалай қосымша ақша табуға болатынын айтып берген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1887856-aly-telefon-nege-kyzyp-ketetinin-bilesiz-be/