Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңғақтың пайдасы туралы білесіз бе

Жарияланған күні:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Жаңғақтың адам денсаулығы үшін пайдасы ұшан теңіз. Ол калий, магний, фосфорға өте бай. Құрамында жоғары мөлшерде протеин және Омега-3 элементі де бар. Жаңғақ калория, протеин, талшық, витамин және минералға бай деп жазады bilim-all.kz.

Назарларыңызға жаңғақтың пайдасы ұсынылады:

  • Зейін бытыраңқылығын (шаршағанын) кетіреді.
  • Сүйек және тістерді қуаттандырады.
  • Денеге қуат береді.
  • Туберкулезден қорғайды.
  • Тамыр қатаюының алдын алады.
  • Қан айналымын жақсартады.
  • Іш өтуін тоқтатып, теріні тазалайды.
  • Сүйелдерді кетіреді.
  • Асқазандағы желді кетіреді.
  • Тұмауға жақсы әсер етеді.
  • Жөтелді тоқтатады.
  • Шаршағандықты және әлсіздікті кетіреді.
  • Ісік қалыптасуына бөгет болады.
  • Қан қоюлануының алдын алады.
  • Ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді.
  • Өкпеге, асқазанға және миға қуат береді.
  • Ойлау қабілетін дамытады.
  • Жүректі қуаттандырады.
  • Қанды тазалайды.
  • Холестериннің азаюын қамтамасыз етеді.
  • Қалыпсыз антиденелерге бөгет болады.
  • Жүйке жүйесін қуаттандырады.
  • Бауырдың фукцияларын реттейді.
  • Қант диабеті науқастары үшін өте маңызды болған инсулинді арттырады.
  • Жаңғақтың майы асқазан және ішектерді тазалайды, жұмсақ болуын қамтамасыз етеді.
  • Жаңғақтың майы беттегі дақтарға жағылып, массаж жасалса кетеді.
  • Балмен араластырылып желінген кезде суық тиген асқазанға жақсы әсер етеді.
  • Жаңғақтың жапырақтарынан алынған юглон элементі, фармокологияда қан тазалаушы және қуат беруші ретінде қолданылады.
  • Жаңғақтың жапырақтары және қабықтары қайнатылып, балмен араластырылып ішілсе, қан аздығына жақсы әсер етеді. Қорытылуы қиын болғандықтан бауыры ауыратындар жаңғақ жемегені абзал.

Еске сала кетсек, осыған дейін тіршілік көзі болып саналатын судың пайдасы туралы кеңінен ақпарат ұсынған едік.

Ғалымдар адам ағзасының 65-75 пайызы судан тұратынын дәлелдеген. Осыған байланысты кейінгі кездері денсаулық жақсы болуы үшін күніне екі литр су ішу керектігі талқыланып жүр. Бұл туралы толық ақпарат сілтемеде.

Сонымен қатар бөдене жұмыртқасы мен ешкі сүтінің пайдасы туралы жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888048-zagakty-pajdasy-turaly-bilesiz-be/