Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандар шаш түсудің алдын алатын қарапайым жолдарды атады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Көбіне шаш дәруменнің жетіспеуінен түседі. Әсіресе, B12 витаминінің шашқа маңызы зор деп жазады Express басылымы.

Басылымға зерттеу жұмысын жариялаған ағылшын трихологы Филипп Кингслидің сөзінше, дәрумендер қанда қызыл денешіктер түзіп, жасушаларға оттегі жеткізетін арна құруға көмектеседі. Ондай жасушалардың ішінде шаш талшығы да бар, дейді білікті маман. Ал ағзада B12 дәрумені жеткіліксіз болған уақытта, шаш талшығына барар оттегі азайып, шаштың өсуі тоқтай бастайды.

Филипп Кингсли бұл дәрумендер жемісте, сиыр мен тауықтың бауырында, күйіс қайтаратын жануарлардың еті мен сүтінде, балықта, ірімшік пен йогуртта болатынын жеткізді. Сонымен қатар арнайы дәрумен қоспасын сатып алып ішуге болады, дейді ағылшын трихологы.

Алайда етті қуырудан барынша абай болған жөн, өйткені қуырылған еттің құрамында көптеген пайдалы, қоректік заттар жойылып кетеді. Дәрумендер де құртылады, дейді ол.

Ал диетолог Райан Раманның пікірінше, шаштың өсуіне авокадо мен бататтың пайдасы зор.

Батат жемісінің құрамында бета-керотин кездеседі. Ол шаштың өсуін жылдамдататын көрінеді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін қатерлі ісік ауруының пайда болуын зерттейтін невролог Дмитрий Разумовский әрбір оныншы бас киімінің қауіпті екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888053-mamandar-sas-tsudi-aldyn-alatyn-karapajym-zoldardy-atady/

pixel