Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вирусолог коронавирус жұқтырушының қай кезде қауіпті болатынын айтты

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Вирусолог және Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Алексей Аграновский коронавирусты жұқтырған адамның басқалар үшін ең қауіпті болатын кезін айтты деп хабарлайды ren.tv.

Маманның айтуынша, дерт нағыз өршіген сәтінде емес, науқасқа енді жұққан сәтінде өзгелерге таралу қаупі жоғары болады. Аурудың басында көбі өзінің дерт тасымалдаушы екенін біле бермейді. Сол себепті, өзгеге жұқтырып қойып жатады екен.

"Науқас енді ауыра бастағанда жұқтыру қаупі жоғары болады. Тіпті бастпақыда коронавирустың белгілері байқалмағанның өзінде дерт өзгеге жұға алады. Мұндай жағдай жұқтырудың ең өршіген алғашқы сатысында орын алып жатады", - дейді ол.

Вирусолог дерттің өзгеге көбіне жөтел арқылы жұғатынын алға тартты. Осы орайда бетперде тағудың маңызы зор дейді маман.

"Аурудың қалған сатыларында адамдар дертті азырақ жұқтырады", - дейді Алексей Аграновский.

Еске салсақ, бұған дейін аллерголог-иммунолог Владимир Болибок коронавируспен ауырып шыққандардың дені жоғары қан қысымына тап болып жататынын мәлімдеген болатын.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының кандидаты, "Қарағанды медициналық университеті" клиникалық фармакология кафедрасының меңгерушісі, профессор Шолпан Қалиева коронавирустан қорғанудың басты факторларын атаған еді. Профессор адамдар ауыратынын білмеуі де мүмкін екенін жоққа шығармады. Сондықтан, маска тағу қажет дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888143-virusolog-koronavirus-zktyrusyny-kaj-kezde-kauipti-bolatynyn-ajtty/

pixel