Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күйеуінің көзіне шөп салған әйел қонақ үй нөмірінің төбесіне тығылып қалған

Жарияланған күні:

ер мен әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Филиппинде өзге ер адаммен ойнас болған әйел күйеуі мен полицейлерден қашпақ болып, қонақ үй нөмірінің төбесіне тығылып қалған деп жазады РИА Новости.

Басылымның жазуынша, Филлипин тұрғыны шетелдік іссапардан келгеннен кейін әйелінің өзінен алыстап кеткенін байқаған. Қосымша бухгалтер болып жұмыс істейтінін айтқан келіншек демалыс күндері де үйден кетуді шығарған.

Келіншек кеңсеге тез арада баруы керектігін айтып, үйден кезекті рет кеткен кезде күйеуі оны аңдымақ болыпты. Ер адам әйелі мінген көліктің қонақ үйге тоқтағанын, онда жұбайын жас жігіттің күтіп алғанын көрген.

Алданып қалғанын білген ер адам досына хабарласып, көмектесуін өтініпті. Ал жолдасы болса болған оқиғаны полицияға хабарлапты. Басылымның ақпаратынша, Филлипинде ерлі-зайыптылардың көзге шөп салуы қылмыс болып саналады.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары қашып кетпек болған әйелдің сүйіктісін ұстап алған. Ал нөмірде әйел адамның киімдері шашылып жатқанымен, онда ешкім болмапты.

Бір мезетте төбеден әйелдің аяқ киімі құлап түскен. Анықталғандай, келіншек полицейлерден жасырыну үшін төбеге шығып кеткен. Тәртіп сақшылары оны баспалдақ әкеліп, түсіріп алған.

Алданған ер адам әйелі мен оның көңілдесінің үстінен сотқа шағым түсірмек. Егер келіншек кінәлі деп танылса, онда Филлипин заңына сәйкес алты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Италияның Комо қаласының тұрғыны әйелімен жанжалдасып, ашуын басу үшін 450 шақырымды жаяу жүріп өткенін жазған едік.

Сондай-ақ, нигериялық азамат алты бірдей аяғы ауыр әйелін досының үйлену тойына ертіп әкеліп, көпшіліктің назарына іліккен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888219-kjeuini-kzine-sp-salgan-jel-konak-j-nmirini-tbesine-tygylyp-kalgan/