Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелімен ұрысқан азамат ашуын басу үшін 450 шақырымды жаяу жүріп өткен

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі сурет: pixabay.com

Италияның Комо қаласының тұрғыны әйелімен жанжалдасып, ашуын басу үшін 450 шақырымды жаяу жүріп өткен деп хабарлайды rusjev.net.

48 жастағы ер адам әйелімен ұрыс-керіс болғаннан кейін серуендеуге шыққан. Ол Болонья қаласына қарай бет алып, бір аптадан кейін Фано теңіз жағалауынан бір-ақ шығыпты. Сол жерде оны жергілікті полиция ұстады.

Полиция хабарламасына сәйкес, италиялық азамат түнгі екіде көшені мақсатсыз кезіп, сол арқылы қаладағы коменданттық сағатты бұзған. Оған 400 еуро (шамамен 36 мың рубль) айыппұл салынды деп жазады Il Resto del Carlino газеті.

Жауап алу кезінде ер адам өзінің үйден жыраққа қалай кетіп қалғанын байқамағанын алға тартқан. Оның айтуынша, жолда оны мейірімді бейтаныс адамдар тамақтандырған. Көп ұзамай полиция оның әйелі күйеуінің жоғалуы туралы арыз жазғанын анықтады.

Ер адамды тамақтандырып, уақытша қонақ үйге орналастырды. Келесі күні әйелі оны көлігімен үйіне алып кеткен. Corriere della Sera басылымының жазуынша, ұрыс-керістен күйзелген ер адамды Фанодағы полиция тоқтатпаса, ол одан да алысқа ұзап кетуі мүмкін еді.

Еске салсақ, бұған дейін полицейлер із-түзсіз жоғалған СҚО тұрғынын үш ай бойы іздеп жатқанын жазған едік.

Одан бөлек, Ресейде орманнан табылған "маугли" бала мен оның әкесі Өзбекстанға оралғанын жазған болатынбыз. 19 қарашада орманнан табылған Амал Жалиловқа туу туралы куәлік берілді. Жергілікті басылымдар Амалды Маугли деп атаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1888098-jelimen-ryskan-azamat-asuyn-basu-sin-450-sakyrymdy-zaau-zrip-tken/

pixel