Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ирандық Анджелина Джоли 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Опубликовано:

Сахар Табар
Ирандық Анджелина Джоли Сахар Табар. Фото: lenta.ru

Иранда Сахар Табар лақап атымен танылған блогер Фатима Хишванд он жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Lenta.ru.

Басылым ақпаратына сүйенсек, ол Құдайға тіл тигізді, зорлық-зомбылыққа шақырды, рұқсат етілмейтін жолдармен ақша тапты және жастар арасында сыбайластықты насихаттады деп айыпталған.

Иран журналисі Масих Алинеджад Табардың қорғаушысымен хабарласып, оған расыменде 10 жыл түрмеде отыру жазасы берілгенін анықтапты.

"Сахар Табар небәрі 19 жаста. Оның анасы бейкүнә қызын босату үшін күн сайын жылайды. Қымбатты Анджелина Джоли! Бізге сіздің қолдауыңыз қажет", - деп жазды журналист Масих Алинеджад.

Айта кетсек, сәуір айында блогер коронавирус жұқтырған. Бастапқыда Хишванд түрмедегі карантин изоляторына ауыстырылған. Алайда оның денсаулығы нашарлап кеткен. Түрме әкімшілігі оны Тегерандағы ауруханаға ауыстыруға мәжбүр болыпты.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың қазан айында ирандық Анджелина Джолидің қамауға алынғанын жазған едік.

Оның Instagram парақшасындағы жазбаларына қатысты шағым түскен соң инста-модель Тегеранда сот шешімімен қамауға алынған болатын.

Сахар Табар бұған дейін өзінің қорқынышты фотоларының құпиясы пластикалық отада емес, макияж бен фотошопта екенін бірнеше рет айтқан. Қыздың сөзінше, ол мұрнын түзетіп, ернін үлкейтіп, липосакция жасаған. Тіпті ол өзінің шын бет-бейнесін көрсетіпті.

"Бұл фотошоп пен макияж. Мен әрдайым бетіме қызықты етіп сурет саламын. Бұл өз болмысыңды көрсететін өнердің бір түрі. Жанкүйерлерім бұл менің шынайы жүзім емесін жақсы біледі", - дейді Сахар Табар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889126-irandyk-andzelina-dzoli-10-zylga-bas-bostandygynan-ajyryldy/

pixel