Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үйінде жалғыз қалған алты жасар бала қорыққаннан полиция шақыртқан

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Украинаның Херсон қаласында 6 жасар бала үйде жалғыз қалудан қорыққандықтан полиция шақырды деп хабарлайды golovna.com.ua.

"102-ге" қоңырау шалған Херсон қаласы Таврический ауданының 6 жасар тұрғыны үйде жалғыз қалғандықтан, қатты қорқып отырғанын айтқан. Патрульдік полиция баланың шағымын елеусіз қалдырмай, дереу оның үйіне келіп жеткен.

Балақай құқық қорғау органдарының қызметкерлерін үйінің ауласында күтіп алған. Ол анасының шұғыл мәселелер бойынша 15 минутқа кетіп қалғанын, алайда ол қорқып, полицияға жүгінуге мәжбүр болғанын тәртіп сақшыларына түсіндіріп береді.

Тәртіп сақшыларының қоңырауынан кейін жалғыз қалған баланың анасы бірден үйіне келеді. Ол әдетте ұлын күтушімен бірге қалдыратынын, алайда бүгін оған қарайласа тұратын ешкім табылмағанын және шұғыл шаруалармен 15 минутқа кетуге мәжбүр болғанын айтып ақталған.

Полицейлер әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіп, ендігі ұлын жалғыз қалдырмауын сұрады.

Еске салсақ, бұған дейін сексен келілік зілтемірді көтерген жеті жасар қыз жұртты таңғалдырғанын жазған едік.

Одан бөлек, Үндістанда тұратын 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанғанын жазған болатынбыз. Архам Ом Талсания Python әмбебап бағдарламалау тілін білу сынағын сәтті тапсыра алған. Бұл сынақты сәтті тапсыру үшін әдетте бірнеше жылдар бойы бағдарламалау саласында білімді шыңдау керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1889895-jinde-zalgyz-kalgan-alty-zasar-bala-korykkannan-policia-sakyrtkan/

pixel