Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанып, рекорд орнатты (фото)

Опубликовано:

Архам
Архам Ом Талсания. Фото: ANI

Үндістанда тұратын 6 жасар бала әлемдегі ең жас программист атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді деп жазады aninews.in.

Үндістанның Ахмадабад қаласында тұратын екінші сынып оқушысы Архам Ом Талсания (Arham Om Talsania) Python әмбебап бағдарламалау тілін білу сынағын сәтті тапсыра алған.

Бұл сынақты сәтті тапсыру үшін әдетте бірнеше жылдар бойы бағдарламалау саласында білімді шыңдау керек.

"Әкем маған код жазуды үйретті. Мен планшетті 2 жасымда қолдана бастадым, ал 3 жасымда iOS және Windows операциялық жүйелеріндегі алғашқы гаджеттерге ие болдым. Кейін әкем Python-мен жұмыс істейтінін білдім. Компаниядан сертификатымды алған кезде шағын ойындар жасай бастадым. Microsoft дәлелдеу үшін менің жұмысымды жіберуді өтінді. Бірнеше айдан кейін олар менің біліктілігімді ресми түрде растады және Гиннестің рекордтар кітабының өкілдері маған хабарласты", - дейді Архам.

Оқушы болашақта IT-кәсіпкер атанғысы келетінін айтады.

Айта кетейк, Архамға дейін 7 жасар Лондон тұрғыны Мұхаммад Хамза Шахзад (Muhammad Hamza Shahzad) әлемдегі ең жас программист атанған еді. Оны да әкесі оқытқан.

Еске салсақ, бұған дейін бес-ақ сағатта 10 келі салмақ тастаған қария рекорд жаңартқанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар 42 жастағы азамат ерекше ұзын шашымен рекорд орнатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1884793-6-zasar-bala-lemdegi-e-zas-programmist-atanyp-rekord-ornatty-foto/

pixel