Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суреті әлем назарына ілінген нигериялық балақайдың бүгінгі жағдайы қандай

Опубликовано:

Бала
Фото: instagram.com / fishki.net

2016 жылы Данияның қайырымдылық қызметкері төрт жасар баланы Нигерияда ауыр халде тапқан болатын. Балақайдың ата-анасы оның бойын жаман рухтар билеп алғанына сеніп, ұлдарын үйінен қуып жіберген. Бүлдіршінді еріктілер алып кетпеген жағдайда, оның тірі қалуы екіталай еді деп жазады fishki.net.

2016 жылы Аня Ринггрен Ловен Нигерияға гуманитарлық миссиямен жол тартады. Әйел қайырымдылық ұйымын құрып, жергілікті тұрғындарға белсенді түрде көмектесе бастайды. Сапарларының бірінде ол аштықтан және сырқаттан өлім аузында жатқан Хоуп есімді балақайды жолықтырады. Оның балақайға сусын ұсынып жатқан сәтінен фотосурет бүкіл әлемге тарап кетті.

Бала
Фото: fishki.net

Балақайды қараған дәрігерлер оның сауығып кетуі екіталай екенін айтқан болатын. Алайда бала дәрігерлердің сөзіне қарамастан, аман қалды. Дұрыс күтім мен тамақтанудың арқасында ол тез қалпына келіп, 4 жылдан кейін танымастай өзгерген.

Бала
Фото: landofhope / Instagram

Оның кезінде әбден ашығып өлім аузында жатқанына бүгінде сене қою қиын болары анық. Аня мен оның ұйымының арқасында аман қалған балақай мектепте білім алып жүр. Ол футбол ойнағанды ​​жақсы көреді және сурет салады. Аня журналистерге 4 жыл бойы оның биологиялық ата-аналары байланысқа шықпағанын айтуда.

Бала
Фото: landofhope / Instagram

Ол балақайдан білімсіздіктен, кедейліктен, діни фанатизмнен туындаған ырымдарға бола ата-анасы бас тартқан деген пікірде.

Бала
Фото: landofhope / Instagram

Аняның ұйымы қазірдің өзінде 300-ден астам баланы құтқарып үлгерген. Олар қайғылы жағдайға тап болғанымен, жүрегі кең жандардың арқасында жаңа әрі бақытты өмір бастау мүмкіндігіне ие болуда.

Бала
Фото: landofhope / Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890115-sureti-lem-nazaryna-ilingen-nigerialyk-balakajdy-bgingi-zagdajy-kandaj/

pixel