Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар коронавирусты жоятын қолжетімді өсімдікті атады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Германиялық ғалымдар коронавирусты жоятын табиғи дәріні атады деп хабарлайды РИА Новости.

Эссен қаласындағы университет клиникасының мамандары өздері жүргізген зерттеудің нәтижесін bioRxiv порталында жария еткен.

Жұмыс авторларының пікірінше, қызылмия тамырында болатын глицирризин қышқылы вирусты бәсеңдете алады екен.

Германия ғалымдары қызылмия тамырының сулы сығындысы бейтараптандырғыш әсерге ие деген қорытындыға келді.

Зерттеу кезінде глицирризин қышқылының адам ағзасына қауіпсіз екендігі және оңай сіңетіні айтылыпты. Оның қабынуға қарсы қасиеті де дәлелденген.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ресейлік дәрігер әрі атақты тележүргізуші Елена Малышева ұйқы сапасын нашарлататын өнімдерді атаған болатын.

Ол ұйқысыздықтан зардап шегетін адамдарды ең алдымен алкоголь өнімдерінен бас тартуға шақырды. Себебі спиртті ішімдіктер үзіліссіз ұйықтауға кедергі келтіреді, дейді дәрігер.

Еске сала кетсек, денсаулық сақтау министрлігі елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 739 адам тіркелгенін хабардар еткен болатын. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 147 975-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте індеттен 821 адам жазылып шыққан. Ел бойынша коронавирустан жазылғандар 132 427.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890398-galymdar-koronavirusty-zoatyn-kolzetimdi-simdikti-atady/

pixel