Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңажылдық дастарханды қалай әзірлейсіз: President ірімшігінен пайдалы кеңестер

Опубликовано:

Сыр President
Фото: President

31 желтоқсан - отбасының әр мүшесі үшін бақытты уақыт. Жақындарымыз шырша астынан сыйлық күтеді, жұмыста демалыс, ал үстелде аспаздық шедеврлер тұрады. Бірақ, бұл біреулер үшін бақыт, енді бірі үшін қыруар еңбек. Үй иелері мұндай мерекелік дастархан әзірлеуге қанша күш кететінін жақсы біледі.

Себебі, дастарханды дайындап қана қоймай, мейрам басталғанша оған қол тигізбеу керек. Әрине, міндет қиын. Әсіресе, жанұяда тамақты жақсы көретіндер көп болған сайын оны қорғау қиындай түседі.

Үй иесі мерекенің өз кезегімен өткенін қалайды (дастарханның бірден жоғалып кетпеуі), ал қалғандары үстелде пайда болған әр тағамның дәмін татқысы келіп тұрады. Оларды «Тиіспе, бұл Жаңа жылға» деген айғай ғана тоқтата алады. Бірақ, бұл сөз де қайта-қайта айтылған соң өз күшін жоғалтады.

Бұл міндетті дұрыс шешу үшін сенімді серіктес болу керек. Ал бұл рөлге дәмді әрі балқытылған President ірімшігі жақсы келеді.

Ірімшікке сүзбе қосылған, оның құрамында өсімдік майлары мен жасанды бояғыштар жоқ, теңдестірілген дәмі мен нәзік біртекті құрылымы бар. Мұның бәрі ірімшікті тойымды тамақтану үшін тамаша ас, тәбетті тағамдар үшін қажетті құрам етеді! Сізге де керегі осы: отбасы жақсы тамақтанады, ал жаңа жылдық үстел толығымен сақталады.

Біз сіздерге President-тен бірнеше жылдам, қарапайым және дәмді, ең бастысы, жаңа жыл қарсаңында мерекелік үстеліңізді құтқаратын рецепттер дайындадық. Олардың арасында жеңіл тағамдарға арналған брускетталар мен орамалар, сондай-ақ дәмді (және тез дайындалатын) кремді сорпа бар. Тек барлық құрамды алдын ала дайындауды ұмытпаңыз.

Брускетталар

Брускетты
Фото: depositphoto

Дайындау уақыты 15 минут

  • President балқытылған ірімшігінен ассорти (кілегейлі, шошқа майымен және саңырауқұлақпен) -130г
  • Француз багеті-300г
  • Аздап тұздалған лосось-150г
  • Шампиньондар-200г
  • Көк пияз-400г
  • Зәйтүн-200г
  • Прошутто шошқа майы-150г
  • Кептірілген тауық еті-150г
  • Черри қызанақтары-5 д
  • Тұз бен түрлі дәмдеуіштер.

Багетті кесіп, пеште немесе құрғақ табада кептіріп алыңыз. Шампиньонды тұзбен және дәмдеуіштермен қуырыңыз. Багет кесінділеріне President ірімшіктерін қосу арқылы брускеттаның негізін дайындаңыз. Енді қорытынды штрихты енгізейік. Саңырауқұлақты ірімшікке шампиньонды қойып, көк пияз себіңіз. Ал кілегейлі ірішмікке лососьті қойып, зәйтүнмен және базиликпен толықтырыңыз. Ал шошқа майлы ірімшікке шошқа майын немесе черридің жартысын, тауық етін қойыңыз.

Балқытылған ірімшік пен лаваштан әзірленген қытырлақ орама

Хрустящий рулет
Фото: depositphoto

Дайындау уақыты 20 минут

  • President балқытылған ірімшігі (мааздам, моцарелла немесе чеддер) -150г
  • Өсімдік майы-30г
  • Тұздалған қияр-30г
  • Салат жапырағы-10г
  • Extra virgin зәйтүн майы -3 мл
  • Кинза-3г
  • Лаваш-2 д
  • Қызанақтар-1 д.

Қызанақтар мен тұздалған қиярды кішкентай төртбұрыш етіп тураңыз. Содан соң салат жапырағы мен кинзаны турап, бәрін қосып зәйтүн майымен араластырыңыз. Лавашқа President сырының бір қабатын жағып, үстіне көкөністерден жасалған салманы қойып, ораңыз. Ораманы өсімдік майымен жан-жағынан қуырыңыз. Ал дастарханға қояр алдында тәрелкеге салып кесіп, салат жапырақтарымен әрлеңіз.

Кілегейлі ірімшікті сорпа

Сливочный сырный суп
Фото: depositphoto

Дайындау уақаты 30 минут

  • President балқытылған ірімшігі (кілегейлі)-130г
  • 23 % майлы кілегей -250 мл
  • Жартылай қатты ірімшік-100г
  • Картофель-2д
  • Су-400мл
  • Тұз және бұрыш.

Жартылай тығыз ірімшікті үккіштен өткізіңіз. Артынша картофельді тазалап, тураңыз, шөмішке су құйып, жұмсарғанша қайнатыңыз. Кейіннен оны суды төкпей езіңіз. Оған балқытылған ірімшікті қосып, тағы бес минуттай дайындаңыз. Кейін үккіштен өткізілген ірімшік пен кілегейді қосыңыз. Жайлап қайнатуға дейін апарып, тағы 3-5 минут дайындаңыз. Тұз бен бұрыш қосыңыз, сорпа дайын.Біз ұсынған рецепттер пайдалы болады деп ойлаймыз. Ең бастысы, олар мерекелік кеште сіздерге тыныштық пен бақытты, жақсы көңіл-күйді сақтауға көмектеседі.

President сіздерді келе жатқан мерекемен құттықтайды.Өмірге тәбетпен қараңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1890734-zaazyldyk-dastarhandy-kalaj-zirlejsiz-president-irimsiginen-pajdaly-keester/

pixel