Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шоколадтың ағзаға ең пайдалы түрін білесіз бе

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Кәсіби диетолог Мира Илич гоколадтың ең пайдалы түрін атады деп хабарлайды lenta.ru.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, Мира Иличтің ұсыныстары Огайо штатының Кливленд қаласында орналасқан клиниканың сайтында жарық көрген.

Маман какао бұршақтарындағы флавоноидтардың арқасында шоколадтың жүрек жұмысына пайдасы мол екенін сөз етті.

"Бұл — антиоксиданттар, олар сіздің денеңіздегі жасуша бұзатын бос радикалдармен күреседі", — деді диетолог.

Мира Иличтің сөзінше, флавоноидтардың арқасында шоколад холестерин деңгейін бақылайды, қан қысымын және қан ұйығыштарының пайда болу қаупін азайтады, сонымен қатар өмірлік маңызды дене мүшелеріне қан ағымын жақсартады.

Ол қара шоколадқа артықшылық беруге шақырады. Себебі оның құрамында флавоноидтарға бай какао бұршақтары көп, дейді диетолог. 

Осы орайда маман көпшілікті құрамында 70-тен 85 пайызға дейін какао бар шоколадты жеуге шақырады.

Мира Илич сонымен қатар қандай да бір  қоспасы бар шоколадтан бас тарту керегін ескертті.

Тек құрамында жаңғақ пен жемістер бар шоколадтан қорқудың қажеті жоқ, дейді ол. Диетологтың сөзінше, шоколадтың күнделікті жеуге рұқсат етілген мөлшері —30 грамм.

Ол бұл десерттің стандартты плиткасында, әдетте, 100 грамм бар екенін, сол себепті күніне бір плитканың үштен бір бөлігінен артық жемеуге кеңес берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891035-sokoladty-agzaga-e-pajdaly-trin-bilesiz-be/