Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылдан бастап кейбір телефондарда WhatsApp істен шығады

Опубликовано:

Ватсап1
Көрнекі фото: piqsels.com

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады, деп хабарлайды РИА Новости.

Қосымша операциялық жүйе iOS 9 немесе Android 4.0.3-ге дейін жаңартылмаған құрылғыларда істен шығады. Ең алдымен, бұл iPhone 4 және оның ерте шыққан модельдеріне қатысты.

iPhone 4S, iPhone 5, iPhone 5S, iPhone 5C, iPhone 6 және iPhone 6S смартфондарында WhatsApp қайтадан жұмыс істеуі үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді iOS 9-ға дейін жаңарту керек, деп нақтылады басылым.

Бұдан бөлек, хаттарды жоғалтып алмас үшін олардың резервтік көшірмесін жасау ұсынылды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін телефонда құпия және жеке мәлімет бар хабарламаларды, құпиясөздер мен банктерден келетін хабарларды сақтауға болмайтыны туралы жазған едік.

Сарапшы мамандар алаяқтардың жеке кабинетке кіруге арналған бір реттік сілтемені қолданатынын жеткізді. Олар әдетте смс арқылы жіберіледі.

Бұдан бөлек, құпия сөз бар хабарламаларды жою керектігі ескертілді. 

Қосымша қорғаныс ретінде телефонға қиын құпиясөз қойып, қолдың ізі немесе Face ID-мен қорғау ұсынылды.

Сонымен қатар, мамандар ұялы телефонның неге қызып кететінін түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1891158-zaa-zyldan-bastap-kejbir-telefondarda-whatsapp-isten-sygady/

pixel